Basty bet

Ауылын ажарландырған Ақбастаулық түлектер

Жыл сайын оқу жылы аяқталған тұста мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл толған түлектер туған жеріне, алтын ұя мектебіне ерекше ықыластарын білдіріп жатады. Түлектердің кіндік қаны тамған ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы тамаша дәстүрге айналды. Биыл да әр ауылдағы түлектер туған жеріне тарту жасап, көпке үлгі көрсетті.

Ақбастау ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектептің 2005 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай өздерінен кейінгі ұрпаққа өнегелі іс қалдыру мақсатында ауылдың кіреберісіне ажарлы арка орнатып, мектепке интерактивті тақтаны сыйға тартты. Одан бөлек, ауылда құдайы тамақ беріп, футболдан турнир өткізді. Бұл бастама –ауылға алғыс пен құрметтің белгісі. Сонымен қатар, бұл — кейінгі буынға үлгі боларлық іс.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы түлектерге ризашылық білдіріп, мұндай игі дәстүр жалғасын таба берсін деген тілек айтты. Бұл арка тек кіреберіс емес, үлкен өмірге бастар жолдың символы болып қала бермек. Ауылын ажарландырған түлектердің тартуы бүгінде дәстүрге айналғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Таңдаулы материалдар

Close