Basty bet

Жаңа тұлғалардың шығуына үлкен септігін тигізбек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауды 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады.
Сондай-ақ Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді.
Президент атағандай, сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады. Енді облыстық сайлау комиссиялары кәсіби түрде тұрақты жұмыс істейді. Бұл шешім сайлауға қатысты іс-шаралардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етеді деген сенімдеміз.
Тоқаевтың айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады.
Бұл сайлау, яғни саяси науқанда жаңа тұлғалардың шығуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

Нүрилә МӘЛІБЕКОВА,
жеке кәсіпкер,
аудандық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

Таңдаулы материалдар

Close