Basty bet
Сессияда ауылдық округтердIң бюджетI қаралды
Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, отыз алтыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысының алдында аудан әкімі Жалғас Мұртаза және аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков “Жуалы ауданының Құрметті азаматы” атағын алған азамат Жарылқасын Тәжіханұлына арнайы төсбелгісін тапсырып, құттықтады.
Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. 2023-2025 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
2. «Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 қаңтардағы №38-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 қаңтардағы № 38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова баяндама жасады.
Баяндамашыға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды.
Сессия жұмысы барысында атқарылған жұмыстар депутаттар тарапынан бақылауға алынып, талап күшейтілу керек деген пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселелер аудандық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссияларының отырысында қаралғандықтан қайта қаралған жоқ.
Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”