Basty bet
Азаматтар мен мемлекетті байланыстырушы құрал
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық салада, соның ішінде азамат дүниеге келген кезде туу туралы куәлік алудан басталып, барлық өмір сүру кезеңінде мемлекетпен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күндегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жақсартылған. Тіпті үйден шықпай-ақ қызметтің орындалу мәртебесін қадағалап отыруға болады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету ережесін беру «электрондық қызмет» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін, алдын ала жазылусыз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ-336/2020 30.12.2020 бұйрығына сәйкес, Жуалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
1) Эпидемиологиялық жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сай гигиеналық нормативтерге сәйкестілігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды дегеніміз – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.
2) Қоршаған ортаға, санитарлық қорғау аймақтарына және санитарлық-қорғаныш аймақтарына, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің тізбесі екіге бөлінеді. Олар эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілер және эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілер.
Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілер міндетті түрде объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс, ал эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметін бастағанда немесе нысан жұмысын тоқтату барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлама жіберулері қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібіне келер болсақ, объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін заңды немесе жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты қызметкер көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және алушыға электрондық құжат нысанында жібереді.
Жауапты қызметкер келесі төрт жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, тексеру актісін ресімдейді.Көрсетілген актінің негізінде төрт жұмыс күні ішінде өтініштің талаптарға сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Камшат ЖАМБЫЛҚЫЗЫ,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы