Basty bet

Тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделуде

Аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен ауданда тұрақты жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз ету мәселелері туралы жиналыс өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Зиядхан Бүрлібаев баяндама жасады.
Жиналыс қорытындысында Ернұр Маратұлы ауданда 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және басқа мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалар аясында 1557 тұрақты жұмыс орындарын, оның ішінде 671 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Үміт Мадиярбек,
аудан әкімінің
баспасөз хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close