Basty bet
Маңызды салаға басымдық берілді
Жолдау – халықтың асыға күтетін жылдың басты құжаты. Жолдаудан халық тың жаңалықтар күтеді. Президентіміздің Жолдауында көптеген маңызды мәселелер айтылды.
Мен денсаулық сақтау саласының ардагері болғандықтан, денсаулық сақтау саласына байланысты айтылған мәселелерге тоқталғым келеді.
Денсаулық сақтау саласы ең маңызды сала. Сала жыл сайын дамып келеді. Алайда проблемалар әлі де жеткілікті. Оны елімізде болып жатқан пандемия дәлелдеп берді.
Президент 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болатынын, елде дәрі-дәрмек шығару ісін аяғынан тік тұрғызу қажеттігін, жыл соңына дейін елімізде бірнеше жұқпалы аурулар ауруханасы соғылатынын, тағы басқа қыруар тірліктер атқарылатынын жеткізді.
Мен Президент Жолдауын қолдай отырып, ел-жұртымызға амандық, тыныштық тілеймін!
Эсмира Мамедова,
денсаулық сақтау
саласының ардагері