Basty bet

Достық алауы жанындағы кеш

Жайдары жазбен бірге табиғат аясында дем алу адам бойына серпін береді. Сондай табиғат аясында бас қосу мақсатында жақын достар мен қызметтестер арасында ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының Тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары подполковник Қуанышбек Мұсабековтың ұйымдастыруымен “Достық алауы” атты кеш өткізілді.
Сарбаздар кешкісін маздаған алаудың жанында жиналды. Кеште сарбаздар әскери патриоттық ән айтумен қатар, әсем әннің ырғағында би биледі, бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, кештің ажарын аша түсті.
Мұндай кештер әскери ұжымды жұмылдырып, әрі бір-бірімен сырласу арқылы бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі және достық қарым-қатынастарын нығайтатыны анық.

Камила Әбсеметова,
кітапхана меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close