Basty bet

429 адам жұмысқа орналастырылды

«Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы» бағдарламасы халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген және қосымша жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматттар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметіне қарағанда «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданымызда жалпы 37 инфрақұрылымдық жобалар іске асыру жоспарланған. Оларда жалпы 864 жұмыс орындарын ашу, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде 431 жергілікті жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру көзделген.
Нысандарда жұмыстар аяқталған кезде тұрақты 74 жұмыс орны ашылуы болжамданды. Нысандарға мемлекеттік бюджеттен жалпы 2 млрд 599 млн 297 мың теңге бөлінген.
Интеграциялық картаның жоспарына жалпы 839 жұмыс орындары енгізілген. Бүгінгі таңда 37 жобалардың ішінде 36 нысандарда жұмыстар жүргізілуде, жергілікті 429 адам жұмысқа орналастырылды (орындалуы-99,5%).
Жалпы 6 нысандарда жұмыстар аяқталды. Олар: білім саласындағы 4 нысан қабылдау актісімен пайдалануға өткізілді (Талапты ауылы Б.Момышұлы ат. ОМ; Күреңбел ауылы № 10 ОМ күрделі жөндеуі; Б.Момышұлы ауылының №29 және № 15 ОМ- мердігер «Асау Инвест-Ник» ЖШС); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 2 нысан (Қосмұрат және Майбұлақ ауылдарында газ жүйесінің құрылысы- мердігер «KazCity –plat2010» ЖШС)
Аудандық білім бөліміне қарасты 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 96076,7 мың теңге бөлінді. Арнайы тәртіппен ашық конкурс тәсілімен Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізілген. Б.Момышұлы атындағы орта мектептің ғимарат шатырын ауыстыру жұмыстары бойынша жеңімпаз «Асау Инвест-Ник» ЖШС 20809,1 мың теңгеге, Күреңбел орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстары бойынша 13177,6 мың теңгеге, №15 мектеп лицей ғимаратының сыртын қаптау жұмыстары бойынша 29521,8 мың теңгеге, №29 орта мектебінің ғимарат сыртын қаптау жұмыстары бойынша 20769,7 мың теңгеге «Асау Инвест-Ник» ЖШС ұтып алды.
Техникалық қадағалау қызметі бойынша 4 мектепке 2708,9 мың теңге бөлінген. Арнайы тәртіп қолданылған ашық конкурс тәсілімен аудандық бірыңғай ұйымдастырушы қаржы бөлімі арқылы жүргізіліп, Б.Момышұлы орта мектебі бойынша 477,7 мың теңгеге, №29 орта мектебі бойынша 476,8 мың теңгеге, №15 мектеп-лицейі бойынша 677,8 мың теңгеге «ADS Company KZ» ЖШС ұтып алды. Күреңбел орта мектебі бойынша 300,0 мың теңгеге «ТЕХНАДЗОР-2015» ЖШС ұтып алды. Қазіргі таңда жеңімпаздармен келісімшарт жасалынды.
Авторлық қадағалау қызметі бойынша Б.Момышұлы атындағы орта мектеп 231,2 мың теңгеге, №29 орта мектебі 230,8 мың теңгеге, №15 мектеп-лицей 328,0 мың теңгеге, Күреңбел орта мектебі 146,4 мың теңгеге «Алтын Жоба» ЖШС-мен келісімшарт жасалынды.
Жоғарыда көрсетілген 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат талонын алған күннен яғни, 2020 жылдың 25 мамырынан басталды. Келісімшарт бойынша №15 мектеп лицейінің сыртын қаптау жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың 27 шілдесіне, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп, №29 орта мектеп және Күреңбел орта мектептерінің жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың 10 шілдесіне жоспарланған. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарға Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы берілген жоспар аясында жергілікті 15 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің және Күреңбел орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстары 100%, ал №15 мектеп-лицей ғимаратының сыртын қаптау жұмыстары 100%, №29 орта мектептің сыртын қаптау жұмыстары 100% орындалды.
2020 жылғы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 219 395,0 мың теңге 10 жолға қаралып, барлығы 9,507 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Б.Момышұлы ауылы Абай және Бәйтерек, Мұнайшы, Қонаев, Қ.Иманбеков, Парасат және әл-Фараби, Рысбек батыр, Ш.Үлеков және Ы.Алтынсарин, З.Толымбаев, Жібек жолы 2-бұрылыс, Алатау орта жөндеуден өткізілетін болады. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы әкімдігінің №76 қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алу Веб-порталына енгізіліп, құрылыс мердігері болып «L-Vita Temp Stroy» ЖШС болып анықталды. Сонымен қатар Жібек жолы көшесін орта жөндеу жұмыстарын «Жасыл Жуалы» МКК жеңімпаз болып анықталып келісім-шарт жасалды. Жұмыстар 85 пайыз орындалды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 636,11 млн теңге қаралып, 7 елді мекенге ауыл ішілік газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтсақ: 5 елді мекен (Шыңбұлақ, Қоңыртөбе, Кәріқорған, Тасбастау, Күреңбел) ауылдарына «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС арқылы және 2 елді мекен (Майбұлақ, Қосмұрат) «KazCityPlat2010» ЖШС мердігерімен келісім шарт жасалып, бүгінгі күнге жұмыстар 95 пайызға орындалды.
Жоба толығымен аяқталғанда, аудан көлемінде 37 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 75,5 пайызды құрайды.
Аудан көлеміндегі 49 елді мекенде тұратын – 52572 халықтың, орталықтандырылған ауызсумен қамтылғаны 16 елді мекен. Ол 32,6 % құрайды.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 1345,9 млн теңге қарастырылып, 7 жоба аясында, 10 елді мекенде (Теріс, Ақбастау, Шыңбұлақ-Майбұлақ-Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым-Теріс-Ащыбұлақ, Ынтымақ) мердігер «Байсын-А» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп. Жалпы 60 пайызға орындалды.
Бір жобада жұмыстар басталу үстінде («Шетбұлақ» су қоймасын жөндеу жұмыстары – 1 нысан; мердігер- «Жарқынбек» ЖШС). Бұл нысанға жергілікті 2 адамды орналастыру көзделген. Қыркүйек айында жұмыспен қамту жоспарлық көрсеткіші толығымен орындалады деп күтілуде.

Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close