Basty bet
Өңір басшысының тапсырмалары сапалы орындалуы қажет
Апта ішінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Расул Медетов жұмыс сапарымен Жуалы ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысты.
Расул Махмұдұлына ең алдымен Қарасаз ауылындағы А.Пушкин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары таныстырылды. Аудандық білім бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, құрылысты жүргізетін жеңімпаз мердігер мекеме жақында ғана анықталып, жұмыстар енді ғана басталған екен. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары төрт жарым айдың ішінде аяқталмақ. Ал мектеп директоры Нұриддин Нұрғабылов білім беру мекемесінің жөндеу жұмыстары аяқталғанша, оқушылар Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты орналасқан ғимаратта және ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында оқитынын айтады.
Р.Медетов келесі кезекте Қарасаз ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау нысанының жұмысымен, сондай-ақ, кадрлармен қамту және ауылдық округтегі эпидемиологиялық ахуал туралы Жуалы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрбай Ергебеков айтып берді. Р.Медетов өз сөзінде, саулықтың сақтықта екенін баса айтып, қауіпті індеттің алдын алу үшін тұрғындар арасында екпе салдыру жөнінен үгіт-насихат жұмыстарын көбірек жүргізу қажеттігін еске салды.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Расул Махмұдұлы ауданға сапары барысында Жетітөбе ауылдық округінің орталығы Кәріқорған ауылындағы бос тұрған ғимаратты спортзал етіп қайта жабдықтау мәселесіне қанықты. Айта кету керек, осыдан бірер жыл бұрын бұл ғимарат жеке азаматтан үш миллион теңгеге сатып алынған. Ендігі кезекте күрделі жөндеуді қажет етеді. Тиісті жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілсе, ауданға қарасты таулы аймақтағы ауылдық округтердегі спортқұмар жастарға дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалар еді деген пікірді жауапты сала мамандарының да алға тартып отырғанын баса айтқан жөн.
Р.Медетовтың ауданға жұмыс сапары Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының сервистік әкімдік қызметімен, сонымен қатар, ауылдық округтің орталығы Шақпақата ауылындағы ауызсу жүйелерінің құрылысымен танысумен жалғасын тапты. Үш жылға (2020-дан 2021, 2020 жылдарға өтпелі) жоспарланға құрылыс туралы айта кетсек, қазіргі таңда мұнда 54 шақырымға жуық ауылішілік ауызсу құбыры тартылған. Ауыл сыртынан екі бірдей су ұңғымасы қазылуда. Ауылдағы 482 абонент таза ауызсумен екі жүйе арқылы қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Бас мердігер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС жүргізіп жатқан ауызсу жүйесі құрылысының жалпы құны – 772 миллион теңгені құрайды. Осы күнге дейін оның 440 миллион теңгесі бөлінген, қалған 332 миллион теңгесі қарастырылса, мердігер мекеме аталған құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін толықтай аяқтауды межелеп отыр.
Одан кейін аталған ауылдық округтің аумағында құрылысы жүріп жатқан “Қаралма” тау-шаңғы туристік базасы назарға ұсынылды. Айта кетсек, Жуалы ауданының туристік әлеуетін арттыратын инвестициялық жобаны ұсынушы – «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ. Жоба құны – 4,8 миллиард теңгені құрайды. «ТаразСтрой-2004» ЖШС инвесторлық етіп отырған сауықтыру, демалыс орталығында қысқы спорт түрлерінен тау шаңғысы мен сноубордпен айналысуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар, демалыс аймағын жыл он екі ай тиімді пайдалану үшін жаз мезгілінде де велотуризм, жылқымен серуендеу, жергілікті жерде өндірілген саумал мен қымызбен емделуге де мүмкіндіктер жасалады деп күтілуде. Ол үшін алдағы уақытта демалыс аймағынан киіз үй қалашығы бой түземек. Қазіргі таңда мұнда 20 коттедж, кафе, автотұрақ, т.б. сервистік орталықтардың құрылысы жүруде. Бұл жөнінде жоба басшысы Төленді Күздеубеков хабардар етті.
Ақсай ауылдық округіндегі «Ислам» шаруа қожалығына аялдаған Р.Махмұдұлы, балық шаруашылығын өркендетуді қолға алған шаруашылықтың жұмысына оң баға берді. Ауыл сыртындағы бассейнде форель балығының шабақтары өсірілуде. Ол үшін бассейн жанынан 150 метр тереңдіктен артезиан құдығынан су шығарылған. Сондай-ақ, Р.Медетов аудандық орталық аурухананың жұмысымен, жалпы індетке байланысты аудандағы эпидахуалға, тұрғындарды вакцинациялау процесінің қалай жүріп жатқанына және ауруханадағы дәрі-дәрмектің қорына назар аударды. Коронавирус індетінің таралмауын болдырмау, сақтық шараларын барынша сақтау жөнінен жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Расул Махмұдұлының ерекше назар аударған мәселесі, вакцинациялауға жататын жергілікті тұрғындардың екпе алу процесін жеделдету жайы болды. Олай етпеген жағдайда, тиісінше індет жұқтыру деректері көбейген үстіне көбейе бермек.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Р.Медетов түс ауа аудандық полиция бөлімінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында, халықты жұмыспен қамту орталығы мекемесінде, сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияға қарасты жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша бөлімде болып, мұндағы мамандардың қызмет көрсету процесін өз көзімен көрді. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары күніне шамамен 300-400 клиентке қызмет көрсетуде. Орталық басшысы биылдан бастап уақытша ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алу қызметі қосылғанын айтады. Одан бөлек, аталған орталықта барлығы 690 мемлекеттік қызмет түрі және электрондық үкімет порталы арқылы 645 қызмет түрі көрсетілуде.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен де жақынырақ танысты. Қазір мұнда аудан әкімдігіне қарасты төрт бірдей бөлімнің мамандары тұрғындарға түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық әкімдіктің ауыл шаруашлығы, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері орналасқан.
Жұмыс сапары аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында актив жиналысымен қорытындыланып, оған тиісінше, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және құқық қорғау органдарының басшылары мен мекеме басшылары шақырылды.
Жиын барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асхат Жабағы ауданның ағымдағы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен даму динамикалары туралы баяндады.
-Құрметті Расул Махмұдұлы!
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді.
Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 21 млрд. 123,4 млн. теңгені құрап, (2020 жылы 19 151,2 млн. теңге)былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артып отыр.Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 27,7%, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 41,1%, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,2 %, сауда айналымы 22,0 %-ті құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 млрд. 862,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2020 жылы 4 925,7 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 8 млрд. 693,5 млн. теңгені құрады (оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі 179,0 млн. теңге «НКИ 100,0%», мал шаруашылығы өнімі 8 млрд. 512,1 млн. теңге «НКИ 101,1%»), (2020 жылдың 6 айында 8 144,9 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады.
Ауданда 2347 шаруа қожалықтар мен агроқұрылымдар осы салада жұмыстар атқаруда. Шаруашылықтарда 627 трактор, 185 комбайн, 982 тіркемебар. Үстіміздегі жылы 189 803 мың теңгеге 39 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 30 трактор, 9-ы басқа да техникалар.
Мал басына келетін болсам, ауданда мүйізді ірі қара 53 627 бас, қой-ешкі 274 117 бас, жылқы 14 513 бас, шошқа 253 бас, құстар 136 007 басты құрап отыр. Мал басы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 4,0 пайызға, қой мен ешкі 3,4 пайызға, жылқы 7,7 пайызға, ал үй құстары 1,6 пайызға артып отыр.
Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасының нәтижесінде, бірінші бағытта атап көрсетілген үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бағыты бойынша 13,5 млн. теңге несие алынып, 444 ауладағы 68 гектарды құрайтын жер учаскелеріне 57 гектар картоп, 6,6 гектарға қызанақ және 3,9 гектар жерге қырыққабат дақылы егілді. Нәтижесінде 920 тонна картоп, 199 тонна қызанақ және 197,1 тонна қырыққабат өнімі жиналды. Барлық өнімнің табысы 76,1 миллион теңгені құрады.
2019 жылмен салыстырғанда, өсу динамикасы қалыптасып, жер учаскелерін пайдаланатын аула саны 302 ауладан 444 аулаға (147%), жер көлемі 45 гектардан 68 гектарға (151%) артты. Бір аулаға шаққанда орташа табыс 134 396 теңгеден айналды.
2020 жылдың қорытындысына сәйкес, пилоттық округте 363 тонна ет, 254,8 тонна сүт және 4,1 тонна қымыз өндіріліп, қаржысы 208 млн. теңгені құрады. Кооператив 38 шаруа қожалықты мүшелікке біріктіре отыра, егістік жерлеріне 300 га арпа, 328 га жоңышқа, 50 га жүгері екті. Бұдан бөлек, аталған ауылдық округтегі басқа да шаруа қожалықтарға қызмет көрсетіп, егістік жерлеріне 745 га арпа егілді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан округте әлеуметтік көмек алатын 87 отбасының 26-сы мал шаруашылығы бағытында жеңілдетілген несие алған. Қазіргі таңда жеті отбасы ғана атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Ал кооператив 2021 жылдың өнімі үшін 150 гектар жерге күздік бидай, 200 га арпа, 328 гектарға көпжылдық шөп егіп, оны күтіп, баптауда,- деді Асхат Базарбайұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімінің м.у.а. А.Жабағы өз сөзінде,2021 жылы аудан көлемінде республикалық және облыстық бюджет есебінен барлығы 14 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын,ауызсумен қамтамасыз ету бойынша бес бірдей нысанда, атап айтқанда, Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауылдарында ауызсу жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80%-ке орындалғанын айтты.
Сонымен қатар, мәдениет саласында үш нысан, оның ішінде, Нұрлыкент ауылында 180 орындық мәдениет үйі ғимаратының құрылысына екінші кезеңіне тиісті қаражат бөлінген, ал Б.Момышұлы ауылындағы аудандық «Достық» мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 116 081,0 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда жөндеу жүруде.
Спорт саласы бойынша Б.Момышұлы ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізуге мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.
Ал, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына сәйкес, екі нысан (Ертай және Көлтоған ауылдары – 228 285,0 мың теңге) кварталішілік газ тарату желісінің құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып отырғаны баяндама барысында мәлім болды. Баяндамашы сондай-ақ, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен облыста қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасымен ауданда 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын, «Елдімекендерді ауызсумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, газ құбыры тартылмаған шалғай ауылдық округтерге табиғи газ тарту мәселелері, автомобиль жолдарының жай-күйі туралы айтты.
Ал аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова өзі жетекшілік ететін салаларының жұмысы туралы баяндаса, аудан әкімінің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Серік Қойбақов мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы мен тиісінше, мемлекеттік қызмет көрсетудің жайы туралы кеңінен баян етті.
Жиынды қорытқан облыс әкімінің аппарат басшысы Р.Медетов соңғы алты айдың қорытындысымен Жуалы ауданында оң динамиканың байқалып отырғанын, дегенмен бірқатар салаларда кемшіліктердің де бар екенін тілге тиек етіп, жалпы Жамбыл облысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың берген тапсырмаларының мерзімінде және сапалы орындалуы қажеттігін баса айтты.
Расул Махмұдұлы ең алдымен облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда әлі күнге әлеуметтік дүкеннің ашылмай отырғанының себебін сұрады. Сонымен қатар, дүкендерде әлеуметтік азық-түлік тауарларының көлемін көбейтуді тапсырды. Бұл сұраққа аудан әкімінің м.у.а. А.Жабағы жауап беріп, теміржол өткелінің төменгі бөлігінен жер бөлініп, сол маңнан әлеуметтік дүкеннің құрылысы басталғанын айтты.
Сондай-ақ, әуеден бақылау барысында ауданның бірқатар ауылдық округтерінің территориясында заңсыз күл-қоқыс орны және қоршаусыз жатқан қоқыс полигондары анықталған. Бұл жөнінде де тиісті ауылдық округ әкімдері түсінік берді.
Айта кету керек, актив жиынында «Сыбаға» бағдарламасымен шетелден ірі қара мал сатып алу, пилоттық жоба бойынша кооперативтерге егістік жер беру, ауданда пайдаланылмай жатқан егістік және жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары, жылыту маусымына дайындық шаралары, сонымен қатар, қылмыс деңгейі мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша тиісті бөлім басшыларынан сұралды.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Р.Медетов актив жиынын қорыта келе, Жуалы ауданының алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамиканың байқалып отырғанын айтып, әкімдік мүшелерін өңір басшысы Б.Сапарбаевтың берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға және баянды бастамаларын қолдауға күш салуға шақырды.Расул Махмұдұлына ең алдымен Қарасаз ауылындағы А.Пушкин орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары таныстырылды. Аудандық білім бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, құрылысты жүргізетін жеңімпаз мердігер мекеме жақында ғана анықталып, жұмыстар енді ғана басталған екен. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары төрт жарым айдың ішінде аяқталмақ. Ал мектеп директоры Нұриддин Нұрғабылов білім беру мекемесінің жөндеу жұмыстары аяқталғанша, оқушылар Қарасаз ауылдық округі әкімінің аппараты орналасқан ғимаратта және ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында оқитынын айтады.

Облыс әкімінің аппарат басшысы Р.Медетов актив жиынын қорыта келе, Жуалы ауданының алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамиканың байқалып отырғанын айтып, әкімдік мүшелерін өңір басшысы Б.Сапарбаевтың берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға және баянды бастамаларын қолдауға күш салуға шақырды.
Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»