Basty bet

Өрт автоматикасы – қауіпсіздік кепілі.

Құрылыстың көбеюі, биік ғимараттардың салынуы, қазіргі заманға лайық өндірістік құрылымдарды өзгерту және т.б. өртке қарсы қорғанудың тиімді шараларын қолдануды талап етеді. Қоймаларда, дүкендерде, театрларла, мұражайларда және де тағы басқа қоғамдық ғимараттарда болатын өртпен күрес кезінде оларды қолданбау мүмкін емес. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, шаруашылық объектілерінде өрт қауіпсіздігін қаматамасыз етудегі тиімді бағыт ол өрт автоматикасының қондырғысы мен жүйесін қолдануды еңгізу болып табылады.

Кішігірім өрт ошағын байқаған өрт хабарлағышы кезекші бөлімге дабыл сигналын береді, ол өрттің жайылмай дер кезінде жойылуын қаматамасыз етеді. Қазіргі заманғы өрт автоматикасы қондырғылары мен жүйелерінде электроника ғылыми жетістіктері мен компьютерлік технологиялар кеңінен қолданылуда.

Бүгінгі күні Жуалы ауданында нысандарда өрт автоматикасын еңгізудің маңызын біле тұра, көптеген шаруашылық басшылары мен жеке кәсіпкерлер оларды қолданбайды. Автоматикалық жүйені орнату, олардың техникалық қызмет етуі мен жөндеу жұмыстары материалдық шығындарды қажет ететіні мәлім, дегенмен адам өмірі мен өз ісіңіздің қауіпсіздігі алғы мәселе.

 

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ.

Таңдаулы материалдар

Close