Basty bet

Праймеризге қатысушыларға арналған семинар

Сенбі күні аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы партияның праймеризінде бақтарын сынауға бел буған кандидаттармен жеребе тарту рәсімін өткізді. Жиынға праймеризге қатысуға өтініш білдіріп, «Кандидат мәртебесіне» ие болған 61 азаматпен қатар олардың сенімді өкілдері де қатысты.

Шараға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев арнайы келіп қатысты.
Балабек Жанбекұлы нағыз мықтылар сынға түсетін додада кандидаттарымызды белсенділікке шақырып, партияның идеологиясына тоқталып, сәттілік тіледі. Сонымен бірге партияның ұйымдастырылуымен өткен ауқымды жұмыстар, партияның алға қойған мақсат-міндеттері праймериздің ережелері туралы айта келіп, праймеризге қатысушылар нені білуі керек, сайлауалды бағдарламаларында нені ескеру қажеттігін түсіндірді. Және де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына да тоқталып өтті.
Сөз тізгінін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова алып, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған нұсқаулық пен жадынамаға тоқталып, кандидаттарға бағыт-бағдар берді.
Анар Садыққызы барлық кандидаттар үшін міндетті болып табылатын жария пікірсайыстардың өткізілу ережесін түсіндірді.
Жиын барысында кандидаттар жеребе тарту арқылы топтастырылды.
Жиынның соңы кандидаттардың алдағы уақыттағы іс-әрекеттерін түсіндіруге арналған семинар-тренингке айналды. Кандидаттар ойларында жүрген сұрақтарын ортаға салып, жауап алысты.
Сонымен қатар, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының жобасы түсіндіріліп, кандидаттарға үгіт-насихат жұмысын жүргізуге арналған арнайы нұсқаулықтар мен партия құжаттары салынған папкалар үлестірілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Жуалы ауданы бойынша праймеризге тіркелген 61 азаматтың бесеуі көп балалы аналар болса, төртеуі қандас бауырларымыз. Қатарын адуыны мықты жас мамандарға, ел қалаулыларымен толықтыруды мақсат еткен партия праймеризіне Жуалы ауданы бойынша өтініш білдірген 35 жасқа дейінгі жастардың саны-18.
Праймеризге қатысушы барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Перизат шымыртайқызы,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close