Basty bet
Медицина қызметкерлері ой бөлісті
Аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Байғараев медицина қызметкерлерімен жиын өткізді.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауындағы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді таныстырып, ой бөлісу.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев ашып, Президентіміздің жаңа Жолдауына қысқаша тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Байғараев Жолдаудың негізгі бағыттарына байланысты баяндама жасады.
Жиын барысында аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрбай Ергебеков және бірқатар медқызметкерлер медицина қызметкерлерінің жалақысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тағы да басқа маңызды мәселелер туралы әңгіме қозғады.
Үміт Мадиярбек,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы