Basty bet

Әріптесіміздің жеңісі

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» апталығы аясында «Тілім – тұғырым» атты жас ақындардың облыстық жабық жыр мүшәйрасы өткен болатын.
Тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген жыр додасына аудандар мен Тараз қаласынан 13 үміткер қатысып, бақ сынаған. Олар «Тұнған тарих – туған тілде» және ұлы хакім Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты «Шын хакім, сөзіңізге баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» тақырыптарындағы арнау өлеңдерін жолдаған. Мүшәйраның қорытындысын белгілі ақындар мен қаламгерлерден құралған қазылар алқасы шығарды. Жүлделі орынға ие болған ақындардың ішінде біздің ауданның намысын қорғаған талантты жас ақын, республикалық жас қаламгерлер фестивалінің лауреты, әріптесіміз Нұржан Дербісалиев те бар.
Нұржан Манасұлын облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова ІІ дәрежелі дипломмен және 70 мың теңгелік сертификатпен марапаттады.
Біз әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!
Төменде Нұржан Манасұлының ақындар додасында жүлдеге ие болған өлеңін қымбатты, оқырман, Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Таңдаулы материалдар

Close