Basty bet

Мекемелердің жұмысы зерделенді

Аудан әкімі Н.Ергебековтың тапсырмасымен аудан әкімі аппаратының басшысы С.Қойбақовтың жетекшілігіндегі аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтың мүшелері апта ішінде Көкбастау, Нұрлыкент және Күреңбел ауылдық округтеріне шығып, карантин талаптарының сақталуына зерделеу жасаған болатын.
Зерделеу барысында аталған ауылдық округтерге қарасты екі мектеп, екі бөбекжай-балабақша, сондай-ақ, жеті дүкеннің қызмет көрсетуде белгіленген санитарлық талаптардың сақталуы жіті назарға алынды. Күреңбел ауылдық округіне қарасты «Күреңбел» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісіне карантин талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-тармақшасына сәйкес айыппұл салынды.
***
Аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағының жетекшілігіндегі мониторинг тобы аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талаптарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысандарының өкілдеріне Жамбыл облысының бас санитар дәрігерінің №38 қаулысының талаптары түсіндірілді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close