Basty bet

Заңға сай адал қызмет етеді

Жақында ғана еліміздің ертеңі үшін халық ұйымшылдық танытып, Президент сайлауын өткізді. Халықтың қалауымен жеті кандидаттың ішінде Қасым Жомарт Тоқаев басым дауыспен жеңіске жетті.
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Президентті ұлықтау салтанаты өтті. Ұлықтау рәсімінде жиналған көпшіліктің алдында Қасым Жомарт Тоқаев қызметіне адал болуға, халықтың сенімінен шығуға ант етті. Сонымен қатар, Президент Қ.Тоқаев ұлықтау рәсімінде: «Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз – бір! Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!» деп бірге ел үшін еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ, ол ең басты құндылығымыз халықтың бірлігі мен ынтымағы екенін айта келе, сайлауда өзіне сенім артып, қолдағандары үшін Қазақстан халқына алғысын білдірді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің дамуының даңғыл жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан екені баршамызға белгілі. Осы орайда, Президент Қ.Тоқаев: «Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді!» деп атап өтті. Шынында да Елбасы қазақ елінің әлем мойындаған даму жолын жасады. Әлем елдерінің қатарында еліміздің көк Туын желбіретті. Осы орайда, қызметіне жаңадан кіріскен Қ.Тоқаев та Н.Назарбаевтың дара жолымен жүріп, халықты жақсылыққа бастайды деп сенім білдіреміз.

Күлбақыт Айтқұлова,
аудандық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Close