Basty bet
Мәселе ата-ананың жауапкершілігіне байланысты
Аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі “Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қараусыз қалуы” туралы мәселе бойынша №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің директоры Азамат Абеев баяндама жасады.
Комиссия отырысы барысында кейбір ата-аналардың жауапкершілік қасиетінің төмендігінен қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар, жалпы ата-ана жауапкершілігін көтеру жайлы мәселелер айтылды.
«Jańa ómir»-ақпарат