Basty bet

Жүйелі жұмыс жүргізіледі

Ауданық орталық емхананың нарколог дәрігерінің 2020 жылғы нашақорлыққа және есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталғана іс-шараларының қорытынды жұмысында өңірде Д-есепте тұрған барлық нашақорлар саны – 56, оның ішінде әйелдер мен балалар және жасөспірімдер Д-есепте тұрмайтындығы көрсетілді.
Жалпы 2020 жылдың 12 айында жаңадан есепке алынған нашақорлар саны – 36. Д-есепте тұратын барлық нашақорлар саны – 36, 2020 жылдың 12 айлығында жаңадан есепке алынған нашақорлар саны – 32, калған 4 адам қайта, яғни екінші рет есепке алынып отыр. Атап өтетін болсақ, бұл жағдай Жаңаталап және Қарасаз аймақтарынан тіркелген. Сонымен қатар, есепке бірнеше рет тіркелген нашақорларды атап өтетін болсақ, олар Жаңаталап ауылы, Қарасаз, Көлбастау елді мекендерінен көп жағдайда тіркелген. 2020 жылдың 12 айында токсикомандар есепте жоқ және ешқашан тіркелмеген.
Нашақорлар динамикасы бойынша 4 топқа бөлінеді. 1-ші топқа ай сайын үйде қарау жасалады, ал 2-ші топтағыларға әр екі ай сайын үйде қарау жасалады, 3-ші топтағыларға әр 3 ай сайын үйде қарау жасалады, 4-ші топтағыларға 4 -ай сайын үйде қарау жасалады. Нашақорлар Д-есепте 5 жыл тұрады және есептен шығаратын кезде ремиссия сатысымен наркотест жасау арқылы шығарылады. Маскүнемдер Д-есепте 3 жыл тұрады және анықталған ремиссия сатысымен шығарылады. Ай сайын Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына әдістемелік бөлімшесімен бірге салыстырмалы есеп беріледі, яғни есепке жаңадан алу және шығару.
Нашақорларды анықталу жолдары: кәмелет жасқа толмағандарды экспертиза бойынша алу, оң мәнді наркотест ПАВ арқылы, азаматтардың өз еркімен келуі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің әкелуімен.
Негізгі іс-жоспар бойынша «Нашақорлық – Қазақстанның болашағына төнген қатер», «Нашақорлық – айықпас дерт» деген ұран бойынша білім және денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі инспекторлары, ауылдық округ аппаратының қызметкерлері және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметкерлерімен мектеп оқушылары арасында іс- шаралар өткізілді. Атап айтқанда, мұндай іс-шаралар №1 және №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияларда, Мыңбұлақ орта мектебінде, №29 орта мектепте және №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте өткізілді.
Жастардың көпшілігі жиналатын жерлерде, демалыс және бос уақытты өткізу орындарында есірткі және психотропты заттарды пайдалануға салынудың алдын алу мақсатындағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту үшін жоғарыда көрсетілген бөлім қызметкерлерімен бірге осы аталған ұйымдарда жиі-жиі кездесіп, оларға буклеттер таратылып, сұрақ-жауаптар жүргізіліп, жастардың есірткі бойынша ой-пікірлерін білу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық «Jańa-ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетіне нашақорлыққа қарсы күрес бойынша арналған құлақтандыру жоспар бойынша маусым айында жарыққа шығады. Аудандық орталық мектептердің жанынан наркологиялық бекет ұйымдастырылған. Жылдың қыркүйек айынан бастап іс-жоспар құрылып, сол іс-жоспарға сәйкес жүргізіледі және тексеріледі. Әр тоқсан сайын аудандық емхана және аурухана қызметкерлеріне арнап семинарлар, іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп тұрады.

Зоя Бердіхожаева,
ауданық орталық емхананың нарколог дәрігері

Таңдаулы материалдар

Close