Basty bet

Жаңалықтың, жақсылықтың жаршысы бола бер!

«Тағылымды тарих пен жалғас ісің,
Жақсылықтың жаршысы, арнасысың.
Ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы,
Халықтың өмірінің айнасысың!»,- деп жуалылық ардагер-ұстаз Дәулетжан Байдалиев жырлағандай, халық пен биліктің арасын жалғаған, алтын арқау көпірі болған, мыңдаған оқырмандардың ақыл-ойын ұштап, сырласы бола білген «Жаңа өмір» газеті даналықтың сеңгірі – 85-ке толып отыр.
Торқалы тойын тойлап отырған басылым ғасырға жуық уақыттың ішінде қасиетті Жуалының шынайы тарих шежіресін жасап, аудан өмірінің небір жасампаз істерінің жаршысы, жарқыраған айнасы бола білді.
Менің сүйікті газетім – «Жаңа өмір» қазақ журналистикасының үлкен шеберлік ұстаханасына айналды. Оқырмандардың көзайымына айналған «Жаңа өмірде» есімдері бүкіл қазаққа белгілі қаламгерлер Бақытжан Момышұлы, Базар Қилыбаев, Амангелді Ормантаев, Бауыржан Үсенов, Қасым Әзімханов және Мырзахан Ахметов еңбек етіп, қаламдарын ұштап, қияға қанат қақты. Мен де журналистік еңбек жолымды «Жаңа өмірде» бастағанымды қашанда мақтаныш тұтамын.
Сөз орайы келгенде, бүгінде өзіндік тарихы бар, шеберлік ізденісі ұшталған, «Жаңа өмір» газетінің еңбек ұжымын мерейлі 85 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы бола біліп, шығармашылық биіктен көріне беріңіздер!

Доқтырхан Тұрлыбек,
жазушы, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының Бас директоры, Халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты

Таңдаулы материалдар

Close