Basty bet

Республикалық байқаудың жеңімпазы

Жаңаш Серғазина 38 жылдық еңбек жолының 28 жылында педагог-психолог болып еңбек етіп келеді. Еңбек жолында қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысты. 20 жыл «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған «Жуалы газ» бастауыш партия ұйымының төрайымы болды. Аудандық «Жаңа өмір» газетінің тұрақты оқырманы, штаттан тыс тілшісі болып, мектеп тынысына байланысты мақалаларын ұсынып жүрді. Әлі де төл басылымнан қол үзбей келеді.
Еңбек жолындағы жеткен жетістіктері үшін бірнеше рет облыс, аудан әкімінің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хатымен марапатталған. 2018 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісін алса, өткен жылы Жуалы ауданның 90 жылдық мерейтойына орай арнайы дайындалған төсбелгіні иеленді. Ал, жақында Қазақстан педагогтар қауымдастығы ұйымдастырған «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауына қатысып, қауымдастық Төралақасының шешімімен байқау жеңімпазы атанып, педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Үздік педагог-психолог» төсбелгісін және арнайы Диплом алды.
Жаңаш Қуанышбекқызы отбасында үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 10 немере сүйіп отырған ардақты ана.
Жаңаш Қуанышбекқызын төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына бақыт, қуаныш, құт-береке тілейміз!
Перизат Нүрпейісова,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close