Basty bet

Есепке алу-тіркеу тәртібін қадағалау

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2021 жылдың өткен кезеңінде Жамбыл облысындағы қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқықбұзушылық туралы 13755 арыз бен өтініш түскен.
Ең өзекті мәселелердің бірі азаматтардың арыздары мен хабарламалары қылмыс құрамының болмауы себепті кей жағдайларда қылмыстық қудалау органдарымен қаралмайтыны болып табылады. Алайда, соның арасында қылмыстық қудалау органдары негізсіз қарамайтын шағымдар да анықталып жатады.
Атап айтқанда, кез келген құқықбұзушылық туралы хабарлама ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, қаралуға жатады. Тіркелген хабарлама, арыз, шағым бойынша қылмыстық қудалау органдары қызметкерлері төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды.
Олар:
– сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеледі, қараусыз қалдырылады және номенклатуралық істе (нарядта) сақталады;
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жолданады;
– кінәлі адамды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жолданады;
– кінәлі адамды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жолданады;
– АЕК-на қоса тіркеу, СДТБТ-не қоса тіркеу;
-жеке тәртіпте қарау үшін сотқа жолданады;
– аумақтық тиесілігіне, ішкі ведомстволығына қарай жолданады;
-аумақтылығы, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қабылданады;
– салықтық тексеру актілерінде ұйымдардан салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болмауына байланысты қайтарылады;
– тексеру жүргізбей басқа қылмыстық қудалау органына беріледі.
Жоғарыда көрсетілген шешімдер тек негізді түрде қабылдануы керек, бірақ кейбір жағдайларда хабарламалар қылмыс құрамы болса да қараусыз қалып жатады.
Осыған байланысты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 2018 жылдың 28 наурызынан бастап Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде (әрі қарай – СДТБТ) «Автодозвон» функционалы іске қосылып, жұмыс атқарылуда.
«Автодозвон» функционалы, автоматтандырылған телебот арқылы қылмыстық қудалау органының арыз бойынша қабылдаған шешімін арызданушыға хабарлай отырып, арызданушының қабылданған шешіммен келісетін-келіспейтінін нақтылайды.
Арызданушы қылмыстық қудалау органымен қабылданған шешіммен келіспейтін жағдайда, аталған мәлімет СДТБТ жүйесінде көрсетіліп, заңдылығы прокурормен тексеріледі.
ҚР БП ҚСжАЕАК Жамбыл облысы бойынша басқармасы 2020 жылдың өткен кезеңімен «Автодозвон» функционалы бойынша мониторинг жүргізу арқылы қылмыстық қудалау органдары қабылдаған шешіммен келіспейтін 550 тұлғадан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Тараз қаласының полиция қызметкерлері негізсіз номенклатуралық істе сақталуға жолдау арқылы есептен жасырған бір қылмыс анықталды. Яғни, 07.01.2020 ж. Тараз қаласының полициясына «Р» есімді азамат белгісіз тұлға қоғамдық монша ішінде өзіне тиесілі ұялы телефоны мен ақшасын жымқырғаны туралы арызданған.
Басқарма қызметкерлері жүргізген қарсы тексеру барысында полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша арызды қараусыз қалдырып, номенклатуралық істе сақталуға жолдау туралы негізсіз шешім қабылдағаны анықталды.
Сонымен, аталған деректі басқарма СДТБТ-не негізсіз номенклатуралық істе сақтауға жолдау арқылы есептен жасырылған қылмыс ретінде тіркеді.
Осыған байланысты қылмыстық қудалау органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіздерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына 8 (7262) 54-24-42 байланыс телефонына хабарласуыңызға болатынын хабарлаймыз.

Шәміл ШОЛПАН,
ҚР БП ҚСжАЕЖК Жамбыл облысы
бойынша басқармасының
Жуалы ауданындағы инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close