Qoǵam
Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид
(Жалғасы. Басы өткен санда)
4.КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ БІРІНШІ ЕКПЕДЕН КЕЙІН ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?
Вакцинаның бірінші дозасынан кейін барлық сақтық шарасын сақтау қажет. Бұл қажетті шаралар, өйткені бір дозаның иммундық жүйеге жеткілікті түрде əсер ететіні дəлелденбеген, екіншіден, толық вакциналаудың өзі де вирусты жұқтырудан жəне таратудан 100% қорғай алмайды. Вакциналардың тиімділігі, негізінен, ауыр симптомдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал біз ковидтің симптомсыз болуы мүмкін екендігін білеміз, бұл кезде адам айналасындағыларға ауру жұқтырып, қауіп төндіреді.
5.COVID-19-ға ҚАРСЫ ЕКПЕДЕН КЕЙІН АУЫРУ МҮМКІН БЕ?
Өкінішке қарай, бірде-бір вакцина қауіпті айтарлық тай азайтса да, ауруды жұқтырмауға 100 па йыз кепілдік бере алмайды. Дұрыс (барлық ережелерді сақтау арқылы) вакциналау иммундық жүйені вирусқа қарсы тұруға дағдыландыра алады. Сондықтан ауруды жұқтырғанның өзінде ол жеңіл түрде, симптомсыз өтуі мүмкін. Алайда симптомсыз пациенттер инфекцияны тасымалдаушы болуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Осы себепті, вакциналаудан кейін де айналадағы екпе алмаған адамдарды қорғау үшін əлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуды жалғастыру қажет.
6.ТҰРАҚТЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН ҚАНШАЛЫҚТЫ УАҚЫТ ҚАЖЕТ?
Вакциналаудан кейін ағзадағы бірінші иммундық жауап бірінші дозаны салғаннан кейін 12-14 күннен бастап қалыптасады, бірақ тұрақты иммунитет 32-45 күннен кейін, ең көп дегенде 56 күннен кейін қалыпта сады. Сондықтан осы инкубациялық кезеңде барлық сақтық шараларын сақтаған жөн, яғни бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керек.
7.ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ДЕГЕН НЕ?
Ұжымдық иммунитет – халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакциналау деңгейіне жету. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60%-ын вакциналаумен қамту керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады жəне вакцина ала алмайтын əлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. COVID-19 жұқтырған адамдардың жартысында ауру орта ша немесе жеңіл түрде өтетінін, ал кейбір адамдарда ешқандай симптомдардың байқалмайтынын естен шығармаған маңызды, алайда көптеген адам қатты ауырады жəне ауруханаға жатуға мұқтаж.
8. ВАКЦИНАЛАУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Кез келген вакциналау, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау ЕРІКТІ түрде жүргізіледі. Сіз вакциналаудан жазбаша түрде бас тарта аласыз. Бұл үшін əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Коронавирусқа қарсы вакциналау ТЕГІН жүргізіледі.
9.КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Вакциналау тұратын жері бойынша емханада жүргізі леді. Өзіңізбен бірге жеке куəлігіңіз болуы керек. Екпе салардың алдында сізден сауалдама, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды жəне жадынама береді. Дəрігер медициналық қарап-тексеруі – дене қызуын, қан қысымын, сатурация жəне т.б. өлшеуі тиіс. Вакциналаудан кейін 30 минут дəрігердің бақылауында, содан кейін 3 күн учаскелік дəрігердің бақылауында боласыз. Сізге вакциналаудан кейін өзіңізді нашар сезінген жағдайда қай жерге бару керектігі туралы ақпарат көрсетілген парақ берілуі тиіс. Вакцинаның екінші дозасын бірінші вакциналаудан кейін 21 күннен соң аласыз. Вакциналау күні мен уақыты туралы СМС-хабарлама телефоныңызға бір тəуліктің ішінде келеді.
10. ВАКЦИНАЛАУҒА ҚАНША УАҚЫТ ҚАЖЕТ?
КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт қажет. 10 минут екпе алудың алдында дəрігердің қарап-тексеруі керек. 15 минут препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақ талатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек. 30 минут екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакциналау күні, вакцина атауы көрсетілген жəне дəрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.
11. COVID-19-ға ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУДЫҢ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ ҚАНДАЙ?
18 жасқа толмасаңыз, жүкті жəне бала емізетін əйел болсаңыз, екпеге дейін 2 аптаның ішінде жəне вакциналау кезінде ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз, вакциналау кезінде дене қызуыңыз 37°С-тан жоғары болса жіті инфекциялық жəне инфекциялық емес ауру деген диагноз қойылса, созылмалы ауруларыңыз жəне аллергиялық реакция асқынса дəрігердің медициналық тексеруінен өтпесеңіз сізде медициналық қарсы көрсетілімдер болса.
«Егемен Қазақстан» газеті,
№63 (30042), 6 сәуір 2021 жыл