Qoǵam
Мәдени шаралар өзегі – «Мәңгілік ел» идеясы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқа салалар секілді мәдениет саласының дамуына, соның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру мақсатында мәдениет ошақтарынан цифрлық ақпараттық орталықтар ашуға айрықша маңыз берілген. «Тірек саналатын ауылдардан бастап республикалық маңызы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу керек. Бұл стандарт әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі мен қолжетімділігінің, көлік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілудің нақты көрсеткіштерін және басқа да мәселелерді қамтуға тиіс» деп атап көрсетілген Жолдауда.
Қазақстан Республикасының мәдениет саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 4 қарашадағы №939 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы Мемлекет басшысы ұсынған, Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық әлеуетімен Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болып табылады.
Еліміз жылдан жылға ауылдың рухани өмірі байып, ауыл мәдениеті қарқынды дамып келеді. Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыруда мәдениет ошақтарының алатын орны ерекше. Бүгінде ауданымызда 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 1 жылжымалы клуб, 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапхана, сондай-ақ «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары және «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі, Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейі, аудандық тарихи-өлкетану музейі тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Мәдениет саласында аудан әкімдігінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, екі бас маманы, мәдениет нысандарында 213 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 114 шығармашылық қызметкер, оның 77-сі жоғары білімді, 34-і орта арнаулы білімді, 3-і орта білімді, қалған 99-ы – шаруашылық қызметкерлері.
Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Ұлттық бейнелерді қалыптастыру, ұлтты ұйытуға қабілетті мерекелік іс-шаралар дәстүрлерін тарату үлкен рөл атқарады. Мерекелік іс-шаралар ауыл тұрғындарының рухани сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында атаулы күндер мен мерекелер жыл сайын өз деңгейінде атап өтілуде. Бүгінгі күнге мәдениет саласы бойынша біраз жетістіктерге жеттік. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасының аясында аудан тұрғындары мен қонақтарына Жуалы жерінің бай тарихын, ерекшелігін, үлкен жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер мен білімді жастарын, қол өнер шеберлерін көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен Жуалы ауданынан «Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Елді ауқымды әлеуметтік жаңғырту аясында Мемлекет басшысы зияткерлік ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық нысандарын дамыту және Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қорын елеулі түрде кеңейту жөнінде міндет жүктеп отыр. 2020 жылға дейін елдің кітапхана қорларын толығымен цифрландыруды қамтамасыз ету мақсатында бүгінде аудандық орталық кітапханалар жүйесінде 2 білім орталығы, бес цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды, ал биылғы жылға жалпы 9 елді мекеннен цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашу жоспарлануда. Бүгінгі күнге Күреңбел ауылдық кітапханасынан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды.
Аудан бойынша 26 мәдениет ғимаратының 21-і бүгінгі күнге ағымды жөндеуден өткізілген. 4 мәдениет ғимаратын ағымды, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары жасалып, Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жолданды.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2018 жылы 24490,0 мың теңге қаржы қарастырылса, 2019 жылдың 4 айына 12436,0 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Мәдени іс-шараларға 2018 жылы 25500,0 мың теңге қаржы қарастырылса, 2019 жылдың 4 айына 2500,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайын өткізілетін сессиясына орай, Қазақстан елінде тұратын түрлі этностар мен халықтардың дәстүрлері және мәдениетін насихаттауға бағытталған «Киелі бесік» республикалық фестивалінде «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрларының әртістері «Киелі бесік» театрландырылған қойылым қойып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Облыстық «Жамбыл – менің жай атым, халық менің шын атым!» атты облыстық ақындар айтысына 2 ақын қатысты, атап айтсақ Әуесхан Үркімбаев алғыс хатпен марапатталды, ал Қанат Мырзаханұлы бас жүлде алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №17-93-5-3 тапсырмасының 2.16 тармағына сәйкес 2019 жылы Қазақстанның Өзбекстандағы жылын өткізу шарасы енгізілген. Мәдени іс-шараның жоспарына сәйкес екі елдің мәдени бауырластығын жаңғыртып, мәдени байланысын нығайту мақсатында 2019 жылдың 10-20 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы, Жизақ облысында «Жамбылым қандай тамаша!» атты мәдени шарасына «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
Аудандағы 23 мәдениет ғимаратының 19-ы бүгінгі күнге ағымды жөндеуден жұмыстарынан өткізілген. Шыңбұлақ, Теріс ауылдық клубтары күрделі жөндеуді, Жылыбұлақ ауылдық клубы ағымды жөндеуді қажет етеді. Жобалау сметалық құжаттарын жасатуға аудан бюджетінен қаржы қарастыру қажет.
Шақпақата ауылдық мәдениет үйін жеке меншік иелігінде. Аталған ғимаратты сатып алуға 2019-2020 жылдарға арналған аудан бюджетінен 15 млн теңгеге сұраныс жасалып, қажетті құжаттар аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды.
Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінің ағымды жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттар дайындалып, 2019-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеттен 15000,0 мың теңгеге сұраныс жасалып, қажетті құжаттар аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды.
Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы негізінде Теріс ауылдық клубы әкімшіліктің бір бөлмесінде орналасқан. Көкбастау ауылдық округінде Бақалы, Көктөбе, Қосбөлтек ауылдарында типтік ғимараттағы клуб ошақтары жеткілікті. Ал Теріс ауылында халық саны аз (836) нормативке сәйкес келмейтіндіктен жабылуға ұсынылған.
Қызыларық ауылында ескі мектептің ғимараты аудан әкімдігінің білім бөлімінің теңгерімінен Қызыларық ауылдық округінің теңгеріміне алу туралы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бұйрығы дайындалуда. Құжаттар толығымен рәсімделгеннен кейін Қызыларық ауылдық клубын ашу, штат бірлігіне қаржы қарастыру туралы аудан әкімдігінің қаулысы дайындалатын болады.
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бақылауындағы аудан әкімдерімен жасалған келісімдерге енгізілген нысаналы индикаторлардың 2019 жылдың ІІ тоқсанындағы орындалу барысына тоқталар болсақ, аудан халқының мәдениет саласындағы қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі өткен жылғы көрсеткіштің төңірегінде тұрақтап, 61 пайызды құрап отыр.
Ал халықаралық (шет елге шығу), республикалық, облыстық байқауларға, фестивальдерге қатысу көрсеткіші бойынша облыстық «Талас толқындары-2019» музыкалық өнер фестивалі аясында өтетін Ықылас Дүкенұлы атындағы облыстық «Жез киік» қобызшылар байқауына екі (М.Алдабергенова А.Ташболат) үміткер қатысып, біреуі дипломант атанса, біреуі қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды. «Жаңарған Жамбылым» атты облыстық эстрадалық әншілер байқауына 3 (Н.Ахмет, Е.Шардарбек, А.Кайыпбек) үміткер қатысып, облыстық байқауға жолдама алды. «Би керуені» облыстық хореографиялық конкурсына «Томирис» би тобы қатысып, ІІІ орынды иеленді. Облыстық «Әулиеата бояулары» атты бірінші халық шығармашылығы фестиваліне сегіз адам қатысты. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Тілдерді дамыту саласында да бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, ауданда орналасқан көрнекі ақпараттар зерделеніп, оның 123-і талапқа сай, ал 20-сы талапқа сай орнатылмағандығы анықталды. Зерделенген барлық көрнекі ақпарат құралдардың иелеріне Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптары түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді, буклеттер таратылды.
Сауытбек Махамбетов,
аудан әкімдігі мәдениет және
тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы