El іshі
Алдыңғы қатардамыз
Халық саны қазынасы елдіктің,
Мемлекеттің әлеуметі теңдіктің.
10 жыл сайын халық санын түгендеп,
Шаңырағын нығайтады бірліктің.
Басып озып үлкен талай ауданды,
Жер жаннатым туған жерім Жуалы.
Халқыменен мақтанатын әрқашан,
Керегесі биік болған – ЖУАЛЫ.
Халық санағы ұлттық және өңірлік деңгейлерде, сондай-ақ әрбір елді-мекен деңгейінде белгілі бір уақыт сәтіндегі жағдай бойынша респонденттер мен үй шаруашылығын сипаттайтын әлеуметтік-демографиялық, экономикалық, этно-мәдени және тұрғын үй белгілері бойынша көрсеткіштерді жинау, өңдеу, талдау және тарату процестерін қамтиды.
Қазіргі таңда халық санағының 2-этапы онлайн жүргізілуде, Жуалы ауданының 70-% халқы санақтан онлайн өткен. Жамбыл облысы бойынша Жуалы халқы санақтан онлайн өтуден алда келе жатыр.
Ерлан ТЫНЫБЕКОВ,
Жуалы ауданы статистика басқармасының басшысы