Basty bet

Аудан тұрғындары 100 ПАЙЫЗ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІҢ І КОМПОНЕНТІН АЛДЫ

Жуалы ауданы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100 пайыз жоспарды орындады. Бүгінгі күні вакциналауға жататын 25 170 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал, ІІ компонентін 22 317 адам алған.
Айта кетейік, аудан орталығындағы ауруханада ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден кешкі 17.00-ге дейін, ал сенбі-жексенбі күндері сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close