Basty bet
Жаман Әдеттен жиреніңіз!
Маскүнемдік және балалар
Сау балада спиртті ішімдікке құмарлықтың болуы әсте мүмкін емес. Керісінше, алкогольдің дәмі мен иісі оның жиренішін туғызады. Алкогольді сусындарды татып көруге оларды әуестік итермелейді. Балалардың спиртті ішімдікпен өлімші улануының қайғылы оқиғалары болған.
Алкоголь бала организміне түсіп, қанмен тез таралып, мида шоғырланады. Жоғары рефлекторлық сезімталдықтың әсерінен спиртті ішімдіктің тіптен азғантай мөлшері балада күрт реакция, ауыр улану симптомдарын туғызады. Балалар организміне спиртті ішімдіктің жүйелі түсуі жағдайында тек жүйке жүйесі ғана емес, сонымен бірге ас қорыту жолдары, көз, жүрек қатты зардап шегеді. Бауыр алкоголь жүктемесімен күресе алмайды, оның қайта тууы жүреді. Ішкі секреция органдары, әсіресе қалқанша без, гипофиз, бүйрекүсті бездері зақымдалады. Нәтижесінде спиртті ішімдікке құмартқан жеткіншектерде алкоголмен улану негізінде сусамыр (қант диабеті), жыныс жүйесі қызметінің бұзылуы және т.т. дамуы мүмкін.
Алкогольмен өткір улануға айрықша тоқталған жөн. Мұндай улану организмі уытты заттарға аса сезімтал келетін балалар үшін өте қауіпті. Әсіресе, жүйке жүйесі, ми зақымдалады. Мектепалды және ерте мектеп жасындағы балалардың мас болуы соншалық тез дамиды да, баланы ажалдан алып қалу қиын болады.
Мастық дегеніміз не?
«Көңілді» отырыстық,
Шараптың дәмін татып.
Ертемен ес жинастық –
Ақылдан кем қалысып. Мастық дегеніміз не? Неліктен мас адамның ұйқысы келеді? Неге ол ертеңгілік есін жиі жоғалтады? Мастықпен бойға бала бітіруге неліктен болмайды? Ішкіштерді неліктен «көк» немесе «көкпеңбектер» деп атайды? Алкоголь ішкендерде неліктен мұрнының, құлағы мен мойнының қызаруы байқалады? Алкоголь ішкендер неліктен сайрандап, масайрайды?
Алкогольдің әсер ету механизмі
Адам организмінде алкоголмен бұзылмайтын бірде-бір ағза қалмайды. Өте күшті өзгерістер, ең алдымен адамның миында жүреді. Тек осында ғана у шоғырлану сипатына ие. Саптыаяқ сыра, стакан шарап, 100 грамм арақ ішкеннен кейін ондағы спирт қанға сіңіп, қан айналымымен миға барады және адамда ми қабықтарының қарқынды бұзылу үдерісі басталады.
Бұзылыс механизмі өте қарапайым 1961 жылы американдық үш физик-ғалым Найсли, Маскаун және Пеннингтондар өздері әзірлеген ұзын фокусты микроскоппен адамның көзін қарастырған. Олар қарашық арқылы көздің кішкентай торшаларының тамырларын қарайды, қапталдан жарық түсіргенде физиктер ғылым тарихында алғаш рет қан тамырларының ішіне үңіліп, онымен қанның қалай ағатынына көз жеткізді.
Физиктер не байқады? Олар тамырдың қабырғаларын, лейкоциттерді (қанның ақ түйіршіктері) мен эритроциттерді (өкпеден тіндерге оттегі, ал кері бағытта көмірқышқыл газын тасымалдайтын Тамырлармен қан ағады, бәрін таспаға түсіріп алады. қанның қызыл түйіршіктері) көрді. Бір күні физиктер микроскопқа кезекті клиентті отырғызып, оның көзіне қарап, аһ ұрды. Адамның тамырларында қатқан қан (тромба), ұйыған, жабысқан эритроциттер жүрді. Оған қоса бұл ұйықтан 5, 10, 40, 400, 1000-ға дейiн эритроцит санады. Олар оны шартты түрде жүзім үймесі деп атаған. Физиктер қорқып кетті, ал адам ештеңе болмағандай отыр. Екінші, үшінші адамда қалыпты, ал төртіншісінде тағы тромбалар. Анықтай келе бұл екеуінің қарсаңда ішкені белгілі болды.
Енді физиктер қарабайыр тәжірибеге жүгінеді. Тамырларында бәрі қалыпты болған сау адамға саптыаяқ сыра ішкізді. 15 минөттен кейін бұрынғы сау адамның қанында эритроциттердің алкоголмен жабысуы пайда болды.
Физиктер асқан ғылыми жаңалық аштық деп шешті… тәжірибеден белгілі болғандай, алкоголдің тек сынауықтағы (пробиркадағы) ғана емес, адам тамырларындағы қанды ұйытатынын (тромба жасаушы құрал болып табылатынын) ашық дәлелдеп берді. Бұрын мектептің 9 сыныбының биология сабақтарында көрсететін бұл тәжірибенің мәні мынада: сынауыққа су құйылып, оған қанның бірнеше тамшысы тамызылады. Лампаның жарығында су ашық сарғылт түске боялады. Сол заматта сынауыққа бірнеше арақ тамшысы тамызылғанда, көрер көзге қан ұлпаланып, ұйып қалады. Осылайша, алкоголь тек сынауықтағы ғана емес тамырлардағы қанды да ұйытатыны белгілі болды.
Физиктер медициналық энциклопедияға жүгініп еді, медицинаның 300 жылдан бері алкоголді есірткілік нейротроптық және протоплазмалық у, яғни адамның жүйке жүйесіне және барлық ағзасына залалды әсер ететін, олардың құрылымын жасушалық және молекулярлық деңгейде бұзатын у ретінде анықтағанын таңданыспен байқайды.
Спирттің тамаша еріткіш екені белгілі. Еріткіш ретінде ол өнеркәсіпте лактарды, политураларды әзірлеуде, бояуларды синтетикалық каучукты және т.б. синтездеуге арналған бірқатар химиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Ол бәрін: майды да, кірді де, бояуды да ерітеді. Сондықтан спирт техникада үстіңгі қабаттың майын кетіруге қолданылады. Қанға түскен соң да спирт өзін еріткіш ретінде көрсетеді ғой!
Алкоголь (спиртті) асқазан мен ішек арқылы қанға түскенде не болады?
Кәдуілгі жағдайда эритроциттердің сыртқы қабаты жіңішке май қабығымен жабылады, ол тамыр қабырғала-рына үйкелгенде электрленеді. Эритроциттердің әрқайсысы өзіне бір өрісті теріс заряд ала жүреді, сондықтан да олар бір- бірінен кері тебілудің бастапқы қасиетіне ие болады. Спиртті сұйықтық осы қорғаныш қабатын жойып, электр кернеуін алып тастайды. Нәтижесінде эритроциттер кері тебілудің орнына жабыса бастайды.
Бұл кезде қанның қызыл жасушалары жаңа қасиетке ие болады: олар бір-біріне жабыса бастап, көлемі үлкен шарлар құралады. Үдеріс өлшемі ішілгеннің көлемімен өсетін қар түйіршіктері режімінде жүреді. Дененің жеке бөліктерінде (ми, көз торшалары) капиллярлар диаметрі кейде өте тар болады, эритроциттер дәл айтқанда олармен бір-бірден «әрең өтеді», көбінше капиллярлар қабырғасын кеңейтеді.
Капиллярдың ең аз диаметрі адам шашынан 50 есе жұқа, 8 микронға (0,008 миллиметрге) тең, эритроциттердің ең аз диаметрі – 7 микрон (0,007 миллиметр). Сондықтан бірнеше эритроциттен құралған дене капиллярмен қозғала алмайды. Тарамдалған артериялармен, кейіннен ең тар артериолалармен жылжи отырып, ол түптің түбінде диаметрі қан ұйығының диаметрінен тар артериолаға жетіп, оны бітейді, ондағы қан ағысын толығымен тоқтатады, сайып келгенде ми нейрондарының жеке топтарының қан айналымы тоқталады.
Ми жасушаларына оттегі түсуінің тыйылуы салдарынан гипоксия, яғни оттегі жетіспеушілігі басталады. Адам тап осы гипоксияны мастықтың зиянсыз күйі секілді қабылдайды. Бұл ми бөліктерінің «жансыздануына», кейіннен өлуіне әкеп соқтырады. Мұның бәрін алкоголь ішуші субъективті түрде ұзақ уақыт отырып, түрмеден босанған адамның масаттану күйіне ұқсас сыртқа әлемнен «еркіндік» ретінде қабылдайды. Тегінде, мидың бір бөлігі көбіне сырттан енетін «жағымсыз» ақпаратты қабылдаудан жасанды түрде ажыратылады.
Дәл осы гипоксия еркіндіктің алданышы болып табылады, оны сезіну ішкіш адамдар психологиясында алкогольдің кесірінен пайда болады. Ішкіштердің бәрі тап осы еркіндікті сезінуге ұмтылады. Бірақ, еркіндікті сезіну бұл нағыз еркіндік емес, ішкіштің қауіпті қиялы. Өзін осылайша айналасындағылар мен проблемалардан «арашалап» алуды шешкен мас адамдар мен жағдайлардың қаумалауында қалуын жалғастырады, өз әрекеттері мен ойлары туралы өзіне есеп беруден қалады. Күшті масаю салдарынан келетін «ұйқы», кәдімгі физиологиялық мағынасындағы ұйқы емес. Бұл, дәл айтқанда, мидың алкогольдік гипоксиясы туғызған алкоголь комасының нейрохимиялық бұзылысы салдарынан естен тану. Басқаша айтсақ, оттегіден тарығу кезінде сергек күйдегі организм тыныс ала алмайды, тыныс алуды жеңілдету (адамның өліп қалмауы) үшін организмнің қорғаныс реакциясы – «ұйқы» жүреді. Ол организмдегі зат алмасу жылдамдығын баяулатады.
Үлкен тамырлар (қолдағы, аяқтағы) эритроциттердің желімделуі алкоголь ішудің бастапқы сатыларында айтарлықтай қауіп төндірмейді. Ұзақ уақыт алкоголь ішкен адамдардың беті мен мұрнының өзіне тән түсі болады. Адамның мұрнында тарамдалған шағын қан тамырлары өте көп. Тамырлардың тарамдалған тұсына эритроциттердің алкогольді желімі келген кезде ол тамырды бітеп тастайды да, тамыр ісінеді (аневризма’), өледі және мұрын соның салдарынан көкшіл-күлгін тартады, өйткені тамыр енді жұмыс істемейді.
Барлық адамдардың басында жағдай бірдей болады. Адам миы 15 миллиард жүйке жасушасынан (нейрондар) тұрады. Әрбір жүйке жасушасын (нүктесі бар үш бұрышпен белгіленген нейрон) түптеп келгенде, қанмен өз микрокапиллярлары нәрлендіреді. Бұл микрокапиллярлар өте жұқа келеді, нейрондарды қалыпты қоректендіру үшін эритроциттер бір қатармен ғана сығылысып өтеді. Енді микрокапиллярдың түбіне эритроциттердің алкогольді желімі таянғанда ол оны тығындап тастайды. 7-9 минөт өткенде адамның ми жасушалары қайтып келместен мәңгілікке өледі.
Микрокапиллярдың эритроциттер желімімен тығындалуы Әрбір «ептеп» ішкеннен кейін адамның басында өлген жүйке жасушалары – нейрондардың жаңа моласы пайда болады. Паталог-анатом дәрігерлер «азырақ» ұрттаған адамдардың кез келгенінің бас сүйегін ашқанда олардың бәрінен бірдей көрініске куә болады – қабаржыған ми, көлемі азайған ми, ми қабығының бүкіл беті шағын тыртыққа, ойық жараға, құрылымдарының түсуіне толы. Мұның бәрі алкоголь бұзған мидың бөліктері.
Алкогольдің зұлымдығы жас адамның организмінің капиллярлардың шамамен он еселік қорының болуымен күшейе түседі. Яғни әрбір сәтте барлық капиллярлардың 10 %-ға жуығы ғана қызмет етеді. Сондықтан қан жүйесінің алкогольмен бұзылуы мен оның салдары жастық шақта кейінгі кезге қарағанда айқын біліне бермейді.
Алайда уақыт өте капиллярлар «қоры» біртіндеп түгесіліп, алкоголмен уланудың салдары айтарлықтай сезіле бастайды. Алкоголь ішудің қазіргі заманғы деңгейінде осыған қатысты алынған «орташа» еркек «кенеттен» 30 жас шамасында түрлі кеселдермен ұшырасады. Оны бәрінен де мазалайтыны – асқазан, бауыр, жүрек-қан тамыры жүйесі, жүйке бұзылысы, жыныс жүйесіндегі бұзылыстар. Сырқаттар да аса кездейсоқ соғуы мүмкін: алкогольдің залалы саналуан, ол барлық ағзалар мен адам организмінің жүйелерін бұзады. Кейбір ғалымдар 100 грамм арақтан кейін негізінен белсенді жұмыс істейтін кем дегенде 8 мыңдай жыныс және ми жасушасының келмеске кететінін растаған.
Ми қабығындағы тромбоз бен микроинсульттер нәтижесінде нейрондардың сөзсіз өлуі ақпараттардың бір бөлігін жоғалтуға және қысқа уақытқа естің бұзылуына әкеп соқтырады (ең алдымен мидың есте сақтауға жауап беретін жасушалары өледі, сондықтан «азырақ» ұрттап алғандардың келесі күні таңертең есінде ештеңе қалмайды). Осы тұрғыда ұзақ есте сақтауды қамтамасыз ететін нейрон құрылымындағы ең елеулі бөліктерінің бекітілуіне алып келетін ағымдағы ақпаратты өңдеу процесі қиындайды. Дәрігерлер алкогольмен уланудан өлген ішкіштердің бас сүйегін ашқанда мидың қалай бұзылғанына емес, мұндай мимен адамның өмір сүруін қалайша жалғастырғанына қайран қалады.
Осылайша алкоголь адамды санасынан жасырын түрде айыруға бағытталған нәрсе болғанымен, аса қуатты қару. Ал егер біздің халықты маскүнемдіктің құрдымына итергендей бүкіл халық болып ішсе, онда бұл барша жұрттың санасын сансыратып, саналы, шығармашыл, ақылды, мақсаткерлікпен алға ұмтылған адамдарды кәдімгі екіаяқты жұмысшы тобырға айналдырады.
Абылайхан СӘРСЕН,
(Мақала профессор Владимир Ждановтың «Ақылдың жауы – арақ» кітабынан
ықшамдалып алынды)