Basty bet

Жастарға тағылым…

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Онда Ұлт көшбасшысы отыз жылдық торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін туған халқымен ой бөліскен. Мақалада Тұңғыш Президент еліміздің басты құндылығын атады. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. «Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін» деп жазды.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек екенін де Елбасы еске салды.
«Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек» деген сөзінен елдің дамуында жастардың үлесінің ерекше орын алатындығын аңғаруға болады. Осы орайда сұңғыла қолбасшы, ержүрек батыр Бауыржан Момышұлы: «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деп ұрпағына ұлағат айтып кеткендігін еске салады. Бүгінгі күні батыр бабамыздың осы бір терең мағыналы сөзін көкейге түйідіріп тұрған Елбасы өз мақаласы арқылы көптеген қазақ жастарына ой салады деген ойдамын.

Мейіржан Телеушов,
“Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры,
аудандық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close