Basty bet

Қадірлей білмегенге құт қонбайды

Халқымызда «Бағалай білмегенге бақ тұрмайды, қадiрлей бiлмегенге құт қонбайды» деген сөз бар. Елiмiздегi кiмнiң де болса жер асты еңбегiнен ғарыштық даңққа дейiнгi аралықтағы мерейлі табысы Тәуелсіз мемлекетiмiздiң жемiсi екенiн айту азаматтық ниетiмiздiң адалдығын бiлдiрмек. Бiздердiң, қазақстандықтардың, бағымыз да, құтымыз да ұлы Тәуелсiздiгiмiз. Ел Тәуелсiздiгiн қадiрлеп, ұрпақтан ұрпаққа абыройын асқақтатып аманат етiп тапсырып отыру парызы – бәрiмiздiң де бақытымыздың қайнар көзі. Ол Қазақстан тағдырымен әрқайсысымыздың тағдырымыздың біртұтас бiрлiгiнен туындайды. Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдiгiмiздiн тұтастығы.
Елбасымыз, егеменді еліміздін Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігі баршамызға аян. Қазақстан – бiртұтас жер, бiртұтас халық, бiртұтас болашақ десек, Елбасы бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмiрi, баянды болашағы үшін бар қажыр қайратымен еңбек етті. Өткенiмiздi саралай қарасақ, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан небiр тар жол тайғақ кешулерден сүрінбей өтiп, беделді де абыройлы, әлемдiк қауымдастық мойындаған, жедел дамудың даңғыл жолына түскен елдердiң қатарына ендi.
Тәуелсіздігімізді баянды ету, елiмiздiң жарқын болашағы үшiн қызмет ету – бәрiмiздiң асыл борышымыз екендігі даусыз. Тәуелсiздiк-мемлекетiмiздiң алтын діңгегі, дербестiгiмiздiң берiк негізі. Данышпан халқымызда «Ел тарихы ер тарихы!» деген сөз бар. Қазақ ұғымында ел мен ер бiртұтас әлем. Әрбір перзент кішкентайынан ел ортасында өседi, ел көзінде тәрбиеленеді. Тәуелсiздiгiмiздiң отыз жылында ел тарихын жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының да ер тарихы жасалды деп түсінемін.

Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері

Таңдаулы материалдар

Close