Basty bet

Халықты жұмыспен қамту – басты міндет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде жоспар бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы 3556 адамды тарту көзделген.
Есепті мерзімде барлығы 874 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа – 430 адам орналастырылса, уақытша жұмыс орындарына 444 адам жолданды. Сонымен қатар, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 307, әлеуметтік жұмыс орындарына – 98 адам және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасымен 39 жас маман жұмысқа орналастырылған.
Жоспарға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарға – 620 адамды тарту көзделген болатын. Оған республикалық бюджеттен 41347,0 мың теңге бөлініп, 6891,0 мың теңге игерілді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 139220,0 мың теңге бөлініп, 33387,0 мың теңге игеріліп отыр. Ал жергілікті бюджеттен 25868,0 мың теңге бөлінген.
Бүгінгі күні әлеуметтік жұмыс орындарына 98 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды.Бұл жұмысқа Республикалық бюджеттен 30719,0 мың теңге бөлініп, 3300,0 мың теңге игерілді. Жергілікті бюджеттен 1200,0 мың теңге қарастырылды.
«Түлектер үшін жастар тәжірибесіне» 140 жас маманды жұмысқа орналастыру керек болатын. Есепті мерзімде 39 жас маман жұмысқа орналастырылды.
Айта кететін мәселе, қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша заңнамалардағы өзгерістерге сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде адамдарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тоқтатылды.
Ал ағымдағы жылға қайтарымсыз грант қаражатын – 182 азаматқа беру көзделген. Оның ішінде 131-і жастар болса, 51-і әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар.Бұл іске де республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.Ендігі кезекте қайтарымсыз гранттың қаражаты мамыр айынан бастап игерілетін болады.
Шағын несиені 155 адамға беру жоспарланғанымен,бүгінде облыстық деңгейде қаражат қарастыру және оның көлемі жөніндегі мәселесі нақты шешілмей отырған жайы бар.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 75 адамды оқыту жоспарланып, облыстық бюджеттен 18323,0 мың теңге қаражат қарастырылған.
Бүгінгі таңда аудандағы жұмыс берушілер тарапынан 60 адамға сұраныс-өтінімдер тіркелді. Атап айтар болсақ, құс өсіру ісіне – 15, тракторшы мамандығына – 10, аспазшы – 15, көлік жүргізушісіне – 10, электрогазбен дәнекерлеушіге – 10 адамға сұраныстар берілген. (15 орынға қажеттілік тіркелмегеніне байланысты оқыту мамандығы нақтыланбаған).
Жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға – 30 адамды тарту көзделген. Қазіргі кезде кондитер – 10 адам, шаштараз – 10, тігінші – 10 адам жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқытуға келіссөздер жасалды. Бұл іс-шараға жергілікті бюджеттен 9615,0 мың теңге бөлінген.
Сонымен қатар, биыл іске асырылуға жоспарланғаны: “Бірінші жұмыс орны” жобасын іске асыру – 11 адам; “Ұрпақтар келісімшарты” жобасын іске асыру – 2 адам; зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін “Күміс жас” жобасын енгізу – 23 адам; Еnbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру- 92 адам.
Атаулы әлеуметтік көмекке 3095 адамы бар 575 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, АӘК тағайындалды(оның ішінде: шартсыз ақшалай көмекке – 251 адамы бар 62 отбасына; шартты ақшалай көмекке – 2849 адамы бар 513 отбасына).
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті 203 жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту белсенді шаралары ұйымдастырылып,тұрақты және маусымдық жұмысқа –189 адам орналастырылған. Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 7 адам тартылып, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7 адам жіберілді.
Аталған бағыттарда тиісті жұмыстар жалғастырылуда.

Зиядхан БҮРЛІБАЕВ,
аудан әкімдігінің халықты жұмыспен
қамту орталығының директоры

Таңдаулы материалдар

Close