Qoǵam
Кемшіліктер анықталып, кінәлілер жазаланды
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің үстіміздегі жылдың бірінші жартысында атқарған аудиторлық іс-шаралары
Департаментпен есепті мерзімде 73 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 6, жоспардан тыс-67; оның ішінде : 21 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 41 – заңды және жеке тұлғалардың үндеуі және 5 – құқық қорғау тапсырмасы бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 65 нысанда жалпы сомасы 13 921,2 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 6 638,4 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 7 282,8 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде 26 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 2 823,9 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 6 638,4 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 6 090,3 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 91,7 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 46 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 44 әкімшілік материал салу – 13,4 млн.теңге, өндірілгені – 13,2 млн.теңге, яғни орнын толтыру 98,5 пайызды құрады.
Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 551,0 млн.теңгені құрайтын 15 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2018 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 3 915,4 млн.теңгені құрайтын 23 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.
2019 жылдың өткен мерзімінде 15 семинар іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды, атап айтқанда, «Знамя труда», «Ақ жол», «Ауыл жаңалығы», «Жеті жарғы», «Салық тәртібі» облыстық газет басылымдарында 9 мақала, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында 2 мақала жарияланды, үш сұхбат берілді, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бір семинар жүргізілді.
Семинарда жемқорлыққа қарсы күрес, құқық базасын жетілдіру және ескерту, құқық бұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық деректері бойынша батыл шара қолдану мәселелерді талқыланды.
Ж.Иматаева,
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 сәйкестік аудит бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аудитор