Qoǵam
Қауіпсіздік шаралары – тәртіп сақшыларының бақылауында
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты және ҚР ІІМ министрі ЕрланТұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеулер қойылды.
Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚбтК-нің 476-бабы бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу) 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген.
Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР ҚК 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Осы орайда аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Кешкі және түнгі уақыттарда аудан аумағында, оның ішінде көңіл көтеру орындары мен өзге де нысандарға рейд жұмыстары жүргізілуде.
Мекемелердің әкімшілігі мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының (төтенше жағдай режимін бұзу) талаптары таныстырылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Дәурен Сапиев,
Жуалы АПБ бастығының
міндетін атқарушы.
Полиция полковнигі