Qoǵam

Жоба аясындағы жүздесу

Облыс әкімінің тапсырмасымен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ауданымызға келген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова аудандағы этнос өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев жүргізді.
Жиын барысында этникалық топтардың мемлекеттік тілді меңгеруі жайында сөз қозғалды.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
* * *
Аталған жоба аясында ауданға облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ернар Есіркепов келіп, еңбек қатынастары бойынша заңға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді түсіндіру мақсатында мекеме басшыларымен кездесті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Қалмұрзаев жүргізді.
Басқосуда Е.Есіркепов еңбек қатынастары мен азаматтардың еңбек құқықтарындағы өзгерістер жайлы баяндады.
Жиын барысында өзгерістерге қатысты сұрақтар қойылды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close