Basty bet

Кеңес жүйелі жұмысқа кірісті

Аудан әкімдігі аппаратының кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен семинар кеңес өтті.

Семинар кеңестің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы халыққа арнаған Жолдауындағы Азаматтық қоғамның рөлі, қоғамдық кеңестің келешегі, оның әлеуметін арттыру туралы бастама – тапсырмаларын насихаттау, түсіндіру.
Екінші мәселе – Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 3 қарашадағы №383-V-Заңындағы маңызды баптары бойынша міндеттері, мақсаттары, өкілеттілігі, қоғамдық бақылау туралы түсіндірме. Ал, үшінші мәселе – әртүрлі мәселелер туралы.
Бірінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауының 10 бастамасын назарға алып, Жаңа Қазақстанды құрудағы жаңару мен жаңғыру жолдарына және негізгі Қоғамдық кеңестер бойынша Президенттің Жолдауында айтылған жетінші бастамасы бойынша «азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту керектігін айтты. Сонымен қатар, реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне белсенді азаматтарды тартып, пікірталас өткізіп, қоғамдық кеңестердің зор әлеуетінің барын, оны толығымен жүзеге асыру керектігін де баса айтты.
Ол өз сөзінде, Президенттің бастамасы бойынша осы кеңестердің құрамын және жұмыс жоспары түбегейлі жаңаратындығын жеткізді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынғанын, барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестерді соның айналасына топтастыратындығын, оның құрамына барлық аймақтың өкілдері болатындығын, оған депутаттар, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, Қоғамдық кеңестердің мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, бизнес өкілдерінің қамтылатынын жеткізді.
Екінші мәселе бойынша кеңес төрағасы – жалпы қоғамдық кеңес, қоғамдастық жұмыстары «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 03 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы №69 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарылатындығын айтып, қоғамдық кеңестің бақылау жүргізу тәртібімен жете таныс болуға, тиісті баптарындағы міндеттері мен құқықтарын, мақсаты мен өкілеттіктерін пайдалануға шақырды.
Семинар кеңес барысында ауылдық округтерде құрылған жергілікті қоғамдастықтың жиналысына Қоғамдық кеңестің осы Заңдағы функциялары жүктелетіндігін, алайда жиналған қоғамдастық төрағаларының осы функцияларды өз деңгейінде пайдалана алмай жатқандары анықталды. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауап беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылатындығын да естеріне салды.
Үшінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Ә.Уркумбаев аудандық Қоғамдық кеңес пен жергілікті қоғамдастықтар арасындағы байланысты нығайту, оны үйлестіру мәселелері бойынша, сонымен қатар, Жолдаудағы міндеттерді насихаттау жұмыстарының, оны жүзеге асыру барысында, «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес, аудандағы құрылған 14 ауылдық округтеріндегі қоғамдастықтардың ахуалын, олардың ауыл әкімімен байланысын, құжат айналымын, 2022 жылға жұмыс жоспарларын және 2021 жылдағы нақты атқарған жұмыстарын, жиналыстың хаттамаларын сұратқанын, оларды зерделеп ауылдағы азаматтық қоғамның беделін, жақсы жақтарын айқындау мақсатында жұмыс жүргізетінін жеткізді.
– Өкінішке орай, ресми түрде хат жолданғанымен көптеген қоғамдастықтар төрағалары ағымдағы жылдың жоспарын көрсете алмады. Өткен жылдың жұмыстары туралы қысқаша мәліметтерде өз деңгейінде ұсына алмады. Сондықтан кеңес төрағасы жиналыс хаттамаларын реттеп, құжат айналымын дұрыстау қажет, -деген төраға семинар кеңеске Б.Момышұлы ауылы мен Ақсай, Ақтөбе, Билікөл, Жетітөбе, Күреңбел, Қошқарата, Нұрлыкент ауылдық округтерінен ешкім қатыспағанын, жауапты қызметкерлердің, ауыл әкімдерінің мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуіне, азаматтық қоғам институттарының жүйелі түрде жаңғыртуға немқұрайдылық танытқанына наразы екенін жеткізе келе, келешекте жүйелі жұмыс атқарып, тығыз байланыс орната отырып, жұмысты жандандыруға шақырды.
Өз кезегінде жиынға қатысушылар қоғамдық кеңес төрағасына сауалдарын жолдап, мардымды жауаптарын алды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close