Basty bet

Үш мектеп күрделі жөндеуден өтіп, екі амбулатория салынады

Аудандық кітапханалар жүйесінің оқырман залында «AMANAT» партиясының аудандық мәслихатындағы фракция отырысы өтті.

Жиынға “AMANAT” партиясы Жуалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, мәслихат депутаттары және аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Отырысты фракция жетекшісі Руслан Сайлаубаев ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз кезегі аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асхат Базарбайұлына берілді.
Асхат Базарбайұлы партияның “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір” атты сайлауалды бағдарламасының аудандық Жол картасының өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында орындалуы бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Асхат Базарбайұлы биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Мәселен, биыл үш мектеп күрделі жөндеуден өтіп, екі амбулатория салынады. Сондай-ақ алты ауылға ауызсу және бес ауылға магистральды газ құбыры тартылатындығын атап өтті.
Әрі қарай фракция мүшелері тақырып аясында туындаған сауалдарын қойып, жол карта көрсеткіштерінің әрі қарайғы орындалуын егжей-тегжейлі талқылады. Одан бөлек, фракция отырысы барысында депутаттардың рейтингі, қоғамдық кеңестер жұмысы туралы да сөз болды.
Фракция соңында тиісті шешім қабылданды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close