Basty bet

Жас жолаушы және қауіпсіздік

№30 Көктөбе орта мектебінде ағымдағы жылдың 25 сәуірі мен 25 мамыры аралығында көшеде жүру тәртібін сақтау аясында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық өтуде.
Шараның мақсаты – балалар жол-көлік оқиғасының алдын алу, бала травматизімін төмеңдету, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Сонымен қатар, тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін өмірде пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдырып, оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу.
Осы айлыққа байланысты жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілуде. «Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбымен мектебіміздің дәлізінде бұрыштар орналастырылып, сынып жетекшілері оқушыларды жол ережесімен таныстырды.
Мектеп кітапханашысы Г.Рахмешова «Балалар, назар аударыңдар!» атты көрме ұйымдастырды. Одан бөлек, сынып жетекшілер «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!», «Қауіпсіз жол», «Жолда жүру ережесі», «Жол ережесінің қауіпсіздігі», «Жол тәртібін жадыңда ұста!» және т.б. тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Балқыбекова «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлықтың ашылу салтанатын өткізіп, оқушыларды жол-көлік оқиғасынның алдын алуға шақырды.
«Балақай, сен жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында оқушылардың жол тәртібі туралы білім деңгейлерін анықтау мақсатында 6-8 сынып оқушыларынан мектеп психологы А.Құдайбергенова сауалнама алды. Оқушылардың 80%-ы автокөлік қақтығысынан қалай сақтану керектігін білетіндігі анықталды.
«Жол тәртібін білейік!» атты тренингті А.Құдайбергенова өткізсе, сонымен қатар, 1-4 сыныптар арасында «Жол жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыбында суреттер байқауы және «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» атты спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Жол-патрульдік полициясы, аға лейтенант Досымхан Құлбай 8-10 сынып оқушыларымен кездесу жасап, «Балалардың жол-көліктен зақымданудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тәжірибелік жаттығулар жасады.

Бақытгүл БАЛҚЫБЕКОВА,
№30 Көктөбе орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close