Basty bet

Макроэкономикалық тұрақтылық және халық табысын арттыру

Президент тұрақты экономикалық дамудың маңызды шарттарының бірі ретінде инфляциямен күресті атады. Оның айтуынша, бағаның өсуі азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер етіп, халықтың сатып алу қабілетін төмендетеді.

«Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы бағыттағы нақты ұсыныстардың бірі – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру. Бұл шара шамамен 1,8 миллион адамды қамтуы мүмкін.

Сонымен қатар Президент учаскелік медициналық қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам медицина қызметкеріне қатысты болмақ.

Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру тек жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көбейтумен шектелмеуге тиіс екенін атап өтті. Бұл үшін тұрақты әрі өнімді жұмыс орындарын ашу, азаматтардың кәсіби дамуына жағдай жасау және экономикалық белсенділікті арттыру маңызды.

Таңдаулы материалдар

Close