Basty bet
Жуалы ауданында 2022 жылдың І тоқсанында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» іске асырылу барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде Жуалы ауданында 2022 жылғы жоспар бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жалпы 3631 адамды тарту көзделген.
Есепті мерзімде барлығы 874 адам жұмыспен қамтылды (орындалуы-24,0%): тұрақты жұмысқа – 430 адам орналастырылды (жоспар-2106, орындалуы-20,4%); уақытша жұмыс орындарына 444 адам жолданды (жоспар-880, орындалуы- 50,4%): ақылы қоғамдық жұмыс орындарына- 307 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына- 98 адам, Жастар практикасына- 39 жас маман.
Жоспарға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарға – 620 адам тартылуы жоспарланып, 307 жұмыссыз азаматтар орналастырылды (орындалуы- 49,5%). Республикалық бюджеттен 41347,0 мың теңге бөлініп, 6891,0 мың теңге игерілді; облыстық бюджеттен 139220,0 мың теңге бөлініп, 33387,0 мың теңге игерілді; жергілікті бюджеттен 25868,0 мың теңге бөлінді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 120 адамды орналастыру жоспарланып, 98 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолданды (орындалуы- 81,6%). Республикалық бюджеттен 30719,0 мың теңге бөлініп, 3300,0 мың теңге игерілді; жергілікті бюджеттен 1200,0 мың теңге қарастырылды.
«Түлектер үшін жастар практикасына» 140 жас мамандарды жұмысқа орналастыру қарастырылған, 39 жас маман жұмысқа орналастырылды (орындалуы- 27,8%). Республикалық бюджеттен 45945,0 мың теңге бөлініп, 4412,0 мың теңге игерілді; облыстық бюджеттен 8689,0 мың теңге қарастырылған.
Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша заңнамалардағы өзгерістерге сәйкес “Бастау Бизнес” жобасы шеңберінде (жоспар-230 адам) қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тоқтатылды.
Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар – 182 азаматтарға берілуі көзделген (131 – жастар, 51 – әлеуметтік осал топтар). Республикалық бюджеттен 153150,0 мың теңге қаражат бөлінді. Болжам бойынша грант беру жөнінде жаңартылған Қағидалар мамыр айында бекітілетініне байланысты гранттардың қаражаты маусым айынан бастап игерілетін болады.
Шағын несие – 155 адамға берілуі жоспарланған, алайда облыстық деңгейде қаражат қарастыру және оның көлемі мәселесі нақты шешілмеген. Бұл мәселеге қатысты ақпарат қосымша жарияланатын болады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу – 75 адам, облыстық бюджеттен 18323,0 мың теңге қаражат қарастырылған.
Бүгінгі таңда аудандағы жұмыс берушілер тарапынан 60 адамға сұраныс өтінімдер тіркелді: құс өсіру-15, тракторшы-10, аспазшы-15, көлік жүргізушісі-10, электрогазбен дәнекерлеуші- 10. (15 орынға қажеттілік тіркелмегеніне байланысты оқыту мамандығы нақтыланбаған).
Жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға – 30 адамды тарту көзделген. Қазіргі кезде кондитер- 10 адам, шаштараз ұстасы-10 адам, тігінші- 10 адам жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқытуға келіссөздер жасалды. Бұл іс – шараға жергілікті бюджеттен 9615,0 мың теңге бөлінген.
Сонымен қатар, биылғы жылы іске асырылуға жоспарланғаны: “Бірінші жұмыс орны” жобасын іске асыру- 11 адам; “Ұрпақтар келісімшарты” жобасын іске асыру- 2 адам; зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін “Күміс жас” жобасына қатыстыру – 23 адам; Еnbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру- 92 адам.
Атаулы әлеуметтік көмекке 3095 адамы бар 575 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, АӘК тағайындалды (оның ішінде: шартсыз ақшалай көмекке – 251 адамы бар 62 отбасына; шартты ақшалай көмекке – 2849 адамы бар 513 отбасына).
Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті 203 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылған – 189 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 7 адам тартылды, әлеуметтік жұмыс орындарына- 7 адам.
Аталған бағыттарда тиісті жұмыстар жалғастырылуда.
Зиядхан Бүрлібаев,
аудан әкімдігінің халықты жұмыспен
қамту орталығының директоры