Basty bet
ТЖМ дала жұмыстарын жүргізу кезінде келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталу керектігін еске салады
- барлық жинау агрегаттары мен автомобильдерін кемінде екі 5 литрлік өрт сөндіргішпен жарақтандыру, сондай-ақ жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет;
- шабындық жүргізу кезінде периметрі бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдар ені кемінде 4 м минералдандырылған жолақпен жабдықталсын;
- сонымен қатар, өрт шыққан жағдайда жанған аймақтың жерін жырту үшін соқасы бар тракторды пайдалану ұсынылады;
- дала жағдайында автотракторлық техниканың ЖЖМ сақтауға және құюға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында ЖТҚ сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді;
- ауыл шаруашылығы техникасының қозғалтқыш бөлігін, тораптары мен агрегаттарын таза ұстау қажет;
- ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарда өрт қауіптілігінің жоғары класы кезеңінде құрғақ өсімдіктерді күйдіру жүргізілмейді.
Жуалы ауданы ТЖБ