Basty bet

жаза басқан азаматтар жұмыссыз қалмауы тиіс

Аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, басқада әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік кеңесші органының отырысы өтті.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары, консультативтік-кеңесші органының төрайымы Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – аудандық пробация қызметінде тіркелген және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов баяндама жасады. Ал екінші мәселе – ағымдағы жылдың алты айында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен атқарылған жұмыстар жөнінде пробация қызметі бөлімінің бастығы Қуат Сарғалтақов есеп берді. Сонымен қатар, үшінші мәселе – ауылдық округ әкімінің пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік қолдауы аясында Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Гүлнәр Сұлтанбаева және Б.Момышұлы ауылының пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік қолдауы туралы ауыл әкімі Марат Қасымбеков баяндады.
Баяндама соңында консультативтік кеңесші органының төрайымы Анар Ахметова аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұловқа материалдық көмек сұрап жүгінген азаматтардың тұрмыстық жағдайын зерделеп, заңға сәйкес көмек көрсетуді және бөлімдермен байланыстар орнатып тыңғылықты жұмыс жүргізу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, пробация қызметі бөлімінің бастығы Қуат Сарғалтақовқа жұмыс барысында кеткен кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Жиын соңында баяндамашылардың баяндамасы назарға алынып, бірауыздан шешім қабылданды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close