El іshі

«Жомарт жүрек» акциясы

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі Құрбан айт мерекесінде қалыптасқан дәстүр бойынша қайырымдылық шараларына қатысты. Айт мерекесінің екінші күнінде мекеменің ұйытқы болуымен және жас кәсіпкерлердің, еріктілердің қолдауымен «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.
Жастар Бауыржан Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №56 үйде тұратын үш отбасына көмек көрсетті. Акция аясында жиналған ұн, ет және азық-түліктерді көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратты.
-Құрбан айт игілік пен мейірімділік мерекесі. Сонымен қатар Алла разылығына бөленуге себеп болатын және сауапты істер атқаратын мейрам. Адамның жүрегіне жан жылуын сыйлайтын осынау айт күндері аудан көлемінде игі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бұл игілікті істерден аудан жастары да қалыс қалған емес. Сол себепті сіздердің отбасыларыңызға арнайы келіп отырған жайымыз бар. Осы акцияны пайдалана отырып, баршаңызды айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Құрбан айт мейрамы тек жақсылық әкеліп, әр шаңырақ шаттық, бақыт пен берекеге толы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы Мейіржан Телеушов.
Қайырымдылық шарасы барысында Мейіржан Телеушов әр отбасы мүшелерімен тілдесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Оларға жұмысқа орналасу, құжаттар әзірлеу, балаларды «Мектепке жол» ациясына қатыстыруға өз септіктерін тигізетінін жеткізді.

Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close