Basty bet
Жүзеге асырылатын жобалардың қатары артуда
Өңір экономикасы аграрлық салаға құрылғандықтан облыстағы ауыл шаруашылығы тауарының үлесі 10,6, ал өнеркәсіп өнімінің – 1,4 пайызын аудан шаруалары, инвестицияның – 1,1, құрылыстың – 3,1 пайызын өндіріс саласы құрайды.
Ауданда 18,2 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобаларды «Тілегенов Нурбахыт» ЖК (кептірілген нан цехы), «КАЗГИДРО ОПЭРЕЙТИНГ» ЖШС (су электр стансасын салу), «Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС (қуаттылығы жылына 110 мың тонна ванади және металл өңдеу), «IMC Group» ЖШС (Мақсары майын өңдеу), «Асылжан 2020» ЖК (сүт өндеу), «Жамбыл Агромилк» АШК (сүт өндеу), «Ахмет» ШҚ (400 басқа арналған сүт тауарлы фермасы), «Гамбург» ЖШС (жол бойында қызмет көрсету орталығы), «AGRO-LUCK» АШК (100 басқа арналған сүт тауарлы фермасын салу), «Жартыбай Әли» ЖК (демалыс орталығын ашу), «ТаразСтрой-2004» ЖШС (Қаралма тау шаңғы спорт кешені) жүзеге асырмақ. Соңғы жоба «Қаралма тау шаңғы» кешенін биыл пайдалануға беру көзделген. Жоба жүзеге асса 120 жаңа жұмыс орны ашылып, тәулігіне 5 мың туристі қабылдай алады.
Бұдан бөлек, «Алатау» шаруа қожалығы «Көксай туристік кешені» биыл аяқтауды, 100 жаңа жұмыс орындар ашуды жоспаған. Бұл кешеннің қуаттылығы 2 мың адамды құрайды. Қазіргі таңда нысанның құрылысы жүруде. Оның инфрақұрылымын жүргізуге (мемлекет тарапынан 18 км жол салуға қаржы қарастыру) бюджеттен 612 миллион теңге қаралған. Жобаларды іске асыру барысында 2022-2025 жылдары инвестиция көлемі 16,9 миллиард теңгеге ұлғаяды, 430 тұрақты жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Сондай-ақ ауданда 2022-2025 жылдары іске асырылатын 1096,6 миллион теңгені құрайтын 92 шағын инвестициялық жоба бар. Биыл 25 жоба іске асырылып, 37 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінде ауданда 8 сүт өндірісі кәсіпорны жұмыс істеуде. Биыл тағы 3 сүт өңдеу кәсіпорнын ашу көзделген.
Коммуналдық теңгерімдегі каналдарды қалпына келтіру бойынша 16 канал ұсынылды. Механикалық тазалау жұмыстарын атқару бойынша 6 канал ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды. Жер асты суларын пайдалану үшін ұнғымалар қазып, жаңа технологиялар енгізу бойынша 3 жылда 77 ұнғыма қазу ұсынылды. Биыл 22 ұнғыма қазылмақ. Тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғыларын орнатылуда. «Гамбург» ЖШС – 250, «Жуалы 2020» АШК мен «Күнекей» ШҚ – 100 гектар алқапты ылғалдандыратын төрт суару қондырғысын орналастыруда.
Ақтөбе ауылдық округінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында өткен жылы 94 тонна ет, 320 тонна сүт өнімі өндірілді. Жыл соңына дейін қосымша 120 тонна ет өндіру жоспарлануда. Жалпы округте өткен жылмен салыстырғанда мал басы 4 215-ке көбейген. «Атамекен-Бастау» кооперативіне 10 гектар егістік жер берілген. Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 19 ауыл шаруашылығы техникасы лизинг жүйесімен алынды. Округте жеке кәсіпкер Гүлбану Канатбаеваның кондитерлік цехы іске қосылып, тәулігіне 2600 килограмм өнім өндіріп, дүкендердерге өткерілуде. Кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Өткен жылы жобаға Ақсай ауылдық округіндегі «Жуалы 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі еніп, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы қанатқақты жоба аясында қайтқан қаржыдан қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда кооперативке мүше болып енген ауыл тұрғындары мал алып, үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жер телімдерін тиімді игеруге көшкен. Оның ішінде 5 жоба іске асырылуда.
2022-2025 жылдарға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы бойынша Ұлттық жобалар шеңберінде 24,565 миллиард теңгені құрайтын 127 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар іске асқан жағдайда 10548 жұмыс орыны құрылады. Оның ішінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы шағын кәсіпкерлік жеке бастамалары аясында 104 жоба іске асса 737 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделген.
Жұмыспен қамту саласында – 7, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында – жеке бастамалар бойынша 92, сүт өндеу цехын ашу – 4, жеміс жидек алма бағы шаруашылығын дамыту, өнім сақтау қоймасына тоңазытқыш қондырғысын орнату – 1, мал бордақылау алаңдарын салу – 1, жеке қосалқы шаруашылықта жылыжай салу – 39, балық шаруашылығын дамыту – 9, су үнемдеу қондырғыларын орнату – 6, жем және шөп дайындайтын цех – 2, шағын кәсіпкерлік барлығы – 30 жобаны іске асыру межеленген.
Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатындардың саны 3634 адамды құрайды. Оның ішінде жұмысқа орналасатыны – 3012 адам (тұрақты жұмысқа – 2059 адам, уақытша жұмысқа – 953). Әлеуметтік жұмыс орындарына – 120 адамды орналастыру жоспарланып, 98 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданды (орындалуы- 81,6%). Жастар тәжірибесі арқылы 177 жас маманды жұмысқа орналастыру қарастырылған, 39 жас маман жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 620 адам тартылуы жоспарланып, 307 жұмыссыз азамат орналастырылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында – 11, «Күміс жас» – 23, «Ұрпақтар келісімшарты» – 2 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 75, жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқытуға – 30, электрондық еңбек биржасына онлайн-оқытуға – 92, «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде – 230 адам оқуға жолданып, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар – 182 адамға беріледі.
Ауданда 13 924 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 26,2 пайызын құрайды. Биыл әлеуметтік жұмысқа – 30, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 75 жас жолданады. Бүгінде ресми 208 жас жұмыссыз есебінде тіркелген. Жыл соңына дейін жұмыссыз жастардың 700-ге жуығын жұмыспен қамту, 131 жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарлануда.
Шыңғыс БОРАНБАЕВ,
аудан әкімдігі өнеркәсіп,
кәсіпкерлік және
туризм бөлімі басшысының
міндетін атқарушы