Basty bet

Кооперативтің таңдауы – сүт бағыты

Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жоба 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін пилоттық жоба рефтінде басталған еді.Соның нәтижесінде 11 ауылдық округте барлығы 45 мыңнан астам мал сатып алынды, 10 мың гектардан астам жер біріктіріліп, кооператив құрылды, 190 техника алынып, өңдеу, жылыжай секілді 11 кәсіпорны ашылды. Осы жоба нәтижесінде 2282 кәсіпкер ресми тіркеліп, 589 жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Мұнда жуалы ауданында құрылған «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің де үлесі бар.
Қанатқақты жоба аясында Жуалы ауданында көп жұмыс атқарылуда. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Серкебаевтың айтуынша, ауыл тұрғындары төмен пайызбен несие рәсімдеп, мал және егіс шаруашылығын дамытуда.
Айталық, жобаға қатысқан Ақтөбе ауылдық округіне 723,5 миллиард миллион теңге бөлінген. 2,5 пайыз жеңілдікпен берілген несиеге ауыл азаматтары ие болған. Округте құрылған «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы кооперативі 19 ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен алған. Ол 5 пайыздық жеңілдікпен берілген.
Жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жер телімін игеру. Оған округтегі 495 ауланың 444-і қатысып, жалпы 68 гектар жер телімі игерілу үстінде.
Жерді тиімді пайдалану – еңбек өнімділігінің басты шарты. Кооператив өзінің жүзге тарта мүшесін сапалы тұқыммен және мал азығымен қамтамасыз ету жоспарын құрып жұмыс істеуде. Ол үшін ауыл сыртындағы 1453 гектар егіс алқабын шаруа қожалықтарымен бірлесе игеруде. Оған қажетті тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттары алынған. Бүгінгі таңда ол алқаптарға арпа, жүгері және көпжылдық шөп пен картоп орналастырылған.
Жобаның бесінші бағыты, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Өз кәсібін ашқандардың бірі Гүлбану Канатбаева. Оның кондитерлік цехында тәулігіне 2600 килограмм өнім өндіріп, дүкендердерге өткерілуде. Кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Өткен жылы жобаға Ақсай ауылдық округіндегі «Жуалы 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі еніп, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы қанатқақты жоба аясында қайтқан қаржыдан қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда кооперативке мүше болып енген ауыл тұрғындары мал алып, үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жер телімдерін тиімді игеруге көшкен. Оның ішінде 5 жоба іске асырылуда.
Кооператив төрағасы Зайырбек Сұлтанмұратовтың айтуынша, облыс тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобаға округтегі 495 ауланың 444-і қатысуда. Олардың үй іргесіндегі жер теліміне картоп, қызанақ пен қияр, басқа да көкөністер егілген. Сондай-ақ жобаның үшінші бағыты – ауыл сыртындағы егістік жерді тиімді пайдалану мақсатында округтегі шаруа қожалықтармен бірлесе арпаны – 1045, жүгеріні – 80 гектарға себсе, көпжылдық шөпті – 328 гектарға орналастырған. Бүгінгі таңда кооперативке мүше болып енген «Жаңаталап» шаруа қожалығының жүгері алқабын жаңбырлатып ылғалдандыруда. Жалпы аталған қожалық 5 жылдан бері осы қондырғымен 100 гектар егіс алқабын суарып келеді.
Бүгінгі таңда кооператив сүт өңдеу цехын салуда. Онда күніне 2-3 тонна сүт өңделіп, ірімшік, сүзбе, сары май мен пастерленген сүт шығарылады деп жоспарлануда. Цехта өндірілген өнімді Тараз қаласындағы əлеуметтік дүкендерге өткермек. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы аяқталған цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін кооператив төрағасы несие серіктестіктерінен несие рәсімдегелі отырғанын айтты.
– Округ тұрғындары қанатқақты жоба аясында мемлекеттік бюджеттен барлығы 723,5 миллион теңге бөлініп, қаржы толық игерілген. Оған мал, техника, ауыл шаруашылығына қажетті тұқым алынып, шаруашылық өткен жылы жақсы жұмыс істеді. Сөйтіп үкіметке қайтарылуы тиіс несиенің жылдық бөлігін қайтарып үлгерді. Біз шаруашылықты қолдау мақсатында «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ техника алып 5 каналды тазаладық. Сүт бағытын таңдағандықтан да, биыл ауылда сүрлем басуды көбейтіп, сол арқылы сүтті көбейтуді жоспарлаудамыз. Қазір округте күніне 3 тонна сүт өндірілсе, мал құнарлы азықпен қамтылған соң оның көлемі екі есеге жоғарылайды. Ол осындағы цех жұмысын жандандыруға көмегі тиеді деген ойдамыз, – деді Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Көбейсін Хайралапов.
Бір атап өтерлігі, ауыл жоба аясында жұмыс істегелі мұнда әлеуметтік төлем алатын отбасылар 78-ден 13 отбасыға бірақ кеміген. Бірақ округте әлі де болса жұмыссыздар саны жоғары болып тұр.
«Былтыр біз 50 тонна сүрлем бастық. Сөйтіп оны халыққа мал азығы ретінде өткердік. Биыл цехты іске қосатын болсақ, сүтті көбейту керек болады. Дәнді жүгері егіп, сүрлем көлемін көбейткелі отырмыз», – дейді кооператив төрағасы.
Кооператив цех жанындағы сайды бөгеп, су жинауда. Зайырбек Сұлтанмұратов осындағы тоғанға бұлақтардан 3 мың текшеметр су жиналатынын, онымен 300 гектар алқапты ылғалдандырып отырғанын айтты.

Марат ҚҰЛИБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close