Basty bet

“Балық FEST” жарысының жеңімпаздары анықталды

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жастар арасында балық аулау мәдениетін қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасу және табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында «Балық FEST» атты облыстық балық аулау жарысы өтті.
Аталған жарыста бақ сынасуға «Теріс-Ащы бұлақ» су қоймасына жиналған тәжірибелі және әуесқой жас балықшылар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес берілген уақытта айла тәсілдерін пайдалана отырып, жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салды.
Жарыс соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Мейіржан Телеушов жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан Алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Жарыс нәтижесіне сәйкес, бірінші орынды Шу ауданынан келген Нұржан Қасқабай иеленсе, екінші орын жуалылық Азат Сатыбалдиевке бұйырды. Ал, үшінші орынды Жамбыл ауданынан Әкімхан Еркін және Тараз қаласынан Данияр Өмірбек өзара бөлісті.
Айгерім ҚАСЫМҒАЛИ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының»
«Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close