Basty bet

ЖАСТАР – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Жастар қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы, еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Ал, бәсекеге қабілетті болу үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, келешекке кедергісіз жету мақсатында аянбай еңбек ете білуі керек. Өйткені, ел болашағы жастарымыздың білімдері мен күш-жігерлеріне, патриоттық сезімдеріне тікелей байланысты.

Бүгінгі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар жастардың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру үшін жасалып отыр.
Білім дағдылары мен тәжірибесі мол жастар елдің экономикасын өзгерте алады. Сол себепті жастарымыз нарықтық заманда алғыр болуы керек. Сонда ғана алатын асуы мен бағындыратын белестері алда болмақ.
Осыған орай, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Мейіржан Телеушов ауданымыздың бірқатар белсенді жастарын аудан әкімінің Алғысхатымен марапаттады.
Айтап айтар болсақ, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының дыбыс әрлеушісі Мадияр Сағынбек, аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Үміт Мадиярбек, самбодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер, ауданымыздың жас спортшысы Нұртілеу Талғат, аудандық орталық аурухананың балалар дәрігері Жамбыл Қазыхан, жас кәсіпкер, агроном Асылхан Нұрмахан, қоғамдық жас жұмысшы Досымбек Құдайберген.
Сонымен қатар, ауданда жастар саясатының іске асырылуына өз үлесін қосып жүрген аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас маманы Мағжан Тұрмағанбет, «Қамқор» волонтерлық клубының мүшесі Дамир Рақымбек және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері Азамат Құралбеков, Айгерім Қасымғали, Жадыра Ерғалиқызы, Нұртілеу Төрен, Әсем Халмуханбетова, Арай Асанбек, Шынболат Тұрарбек, Мұратай Мекенбай Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның Алғысхатымен марапатталды.
Өз құттықтауында аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова жастарға алдағы уақытта да білім мен біліктіліктерін тәуелсіз еліміздің өркендеуіне арнап, жастар саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына өз үлестерін қосатындықтарына сенім білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close