Basty bet

Құқығыңызды заң аясында қорғай біліңіз!

Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды.
Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Даңқты қолбасшы, Батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік пен бассыздық бей-берекет орын алары сөзсіз. Мұндай ортада өмір сүру қорқынышты болып, сізді қылмыскерлер мен бұзақылардан қорғайтын күш болмайды.
Барлық адамдар заң алдында тең. Ол адамға не үшін қажет? Заңдардың арқасында адамдар өздерін әдептілік шеңберінде ұстап, құқық бұзушылық әрекеттер жасамауға тырысады. Бұл нормативтік-құқықтық актілер қоғамда маңызды рөл атқарады. Онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Заңдар болмаған жағдайда, біз қорғаусыз қалып, өзіміздің және жақындарымыздың болашағына үреймен қарайтын едік.
Өздеріңіз білетіндей, Конституция мемлекетіміздің негізгі заңы. Конституцияда адамның негізгі құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Менің ойымша, оларды шамалы болсын білген жөн, себебі, оның көмегімен сіз өзіңізді кез келген жағдайда қорғай аласыз.

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Таңдаулы материалдар

Close