Basty bet
«Е-Salyq Azamat» мобильді қосымша
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар екендігін хабарлайд . Мысалы:
– активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (270.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
– салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
– салық берешегін тексеру;
– артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
– мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
– салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
– жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
– жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
– мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«Е-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе CALL- орталығы «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.
«Е-Salyq Business» мобильді қосымша
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Сізді «e-Salyq-Business» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады. Сіз, «Е-Salyq-Business» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде:
жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге,
салық режимін таңдау немесе өзгерту,
кассалық чекті беруге
салық есептілігін жасауға/жіберуге,
салықтарды төлеуге,
хабарландырулар/анықтамалар алуға,
төлемдерді басқаруды
мемлекеттік кіріс органдарынан бөлек қызметтерді алуға,
жеке кәсіпкер қызметін жабуыңызға болады.
«e-Salyq-Business» мобильді қосымшасы «Play Market», «App Store» және «App Gallery» жүйелері арқылы қолжетімді.
Telegram Чат бот @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да Чат-боты іске қосылғанын хабарлайды. Чат-ботты 2022 жылдың 1 наурызынан бастап «@SalyqBot» атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады. @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы келесі функциялары бар:
– пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
– салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
– қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
– жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
– пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
– заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
QR-код туралы.
Жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер QR-кодты (штрих-кодты) алуды қамтамасыз ету ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеттің веб-порталы арқылы (https://kgd.gov.kz) алуға болатынын хабарлаймыз.
Салық төлеуші QR-кодты (штрих-кодты) алу үшін порталдағы «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін енгізу, «басып шығару» батырмасын басу арқылы QR-кодты қалыптастыратынын ескертеміз.
Алынған QR-код (штрих-код) БКМ орналасқан жерлерде түрлі-түсті форматта орналастырылуы тиіс. QR-код фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартқан, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажет.
Салық төлеуші өзінің объектісінде QR-кодты (штрих-кодты) орналастырудан бас тартқан жағдайда, бұзушылықты жою мерзімдерін көрсете отырып, заңнама нормаларын елемеген жағдайда, кәсіпкерге қол қойғызып, (хабарлама тапсыру қажет). Салық төлеуші (хабарламада) көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімдерін елемеген жағдайда ӘҚБтК-нің 288-бабының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертіледі.
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы