Basty bet

ЖЕРЛЕСІМІЗ БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Жуалы, Жамбыл, Сарысу, Талас аудандарындағы көркем өнерпаздарының қатысуымен аймақтық «Үкілі домбыра» фестивалі өтті.

Байқаудың мақсаты – қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір сынды күй қырандарының және Ақан Сері, Біржан сал, Сегіз сері сияқты дәстүрлі өнер жолын ұстанған жыршы-термеші, домбырашыларымыздың өнерін халыққа таныту. Сонымен бірге, киелі домбыра өнерін ұрпақтан-ұрпақа насихаттау.
Күйшілер, жыршы-термешілер және дәстүрлі әншілер қатысқан байқауда, қатысушылардың белсенділігі, өнері мен сахна мәдениеті бағаланды.
«Күй өнері», «Жыр – терме өнері» және «Дәстүрлі ән өнері» аталатын кезеңдерден тұратын фесивальге Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының «Қызғалдақ» ән-би ансамблінің жетекшісі Мәлік Мықтыбеков «Жыр – терме өнері» аталатын кезеңінде үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені қанжығалады.
Ендеше, жерлесімізді жеңісімен біз де құттықтаймыз!

Таңдаулы материалдар

Close