Basty betSport

Ұстаздар арасындағы спартакиада

Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен жарысқа ауданымыздың мектептерінен 250-ге жуық ұстаздар қатысты.
Спартакиаданың ашылу салтанатында “Білім беру қызметкерлері кәсіподағы” Жуалы аудандық комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәжит Айжанов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы ұстаздарды мерекемен құттықтап, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын дәріптеуде осындай шаралар зор септігін тигізетіндігін атап өтті.
Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Болат Жаңабаев спартакиаданың ережелерімен таныстырды.
Ұстаздар спорттың 3 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), шахмат, бильярд) жарысқа қатысып, спорттық қырларынан танылды.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша волейболдан ерлер арасында бірінші орынды 15 мектеп-лицейі жеңіп алса, екінші орынды М.Ломоносов атындағы орта мектебі командасы иеленді. Үшінші орын А.Пушкин атындағы орта мектеп командасына бұйырды. Волейболдан әйелдер арасында бірінші орынды 15 мектеп-лицей командасы жеңіп алса, екінші орынды №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының командасы алды.
Шахматтан ерлер арасында бірінші орын Жапаров Ренат, екінші орын Абдымомынов Дәурен, үшінші орынды Сабиев Бахытжан иеленді. Шахматтан қыздар арасында бірінші орын Нұрғожаева Айнұр, екінші орын Ахметова Перизат, үшінші орынға Уразова Света жайғасты. Бильярдтан бірінші орын Дәулетбаев Данияр, екінші орын Махатаев Әбілсейіт, үшінші орын Таубалдиев Марат жеңіп алды.
Жеңіс тұғырынан көрінген командалар мен ойыншыларға дипломдар мен медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аудандық бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы

Таңдаулы материалдар

Close