Basty bet

Тағайындау

2022 жылғы 17 қазандағы аудан әкімінің №336-Ж/Қ өкімімен Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің әкімі болып Беделбеков Қайнарбек Молдаханұлы тағайындалды.

Беделбеков Қайнарбек Молдаханұлы

1978 жылы Жуалы ауданы, Көлтоған ауылында туған. Білімі жоғары, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Өндірістік және азаматтық құрылыс” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Көлтоған ауылындағы «Прогресс» шаруа қожалығында бухгалтер-экономист болып бастаған, 2000 жылы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы, 2001-2005 жылдары Б.Момышұлы ауылында аудандық жер инспекциясының бас маманы, 2005-2006 жылдары ауданы әкімиятының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, 2006-2010 жылдары аудан әкімиятының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2010-2012 жылдары аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, 2012-2017 жылдары Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары, 2017-2019 жылдары аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдың шілде айына дейін Б.Момышұлы ауылында «Азаматтарға арналған Үкімет Мемлекеттік Корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жуалы аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

Таңдаулы материалдар

Close