Basty bet

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорымен тұрғындардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Бауыржан Момышұлы ауылы, Теріс, Көлбастау және Қызыларық ауылдарының тұрғындарымен және аудан орталығы Б.Момышұлы ауылындағы «Толымбайтегі Зиябек» атындағы орталық мешітте жергілікті жамағатпен кездесулер өткізілді. Кездесудің барлығына Тараз қаласынан дінтанушы Дәурен Құттыбаев шақырылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жоба аясындағы түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

***
Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» тапсырысына сәйкес, «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорымен «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның аясында облыс аумағында 2000 респонденттен «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» бекітілген арнайы сауалнама алынуда. Сауалнама ауданда да жүргізіліп, онда барлығы 100 респондент қамтылды. Қазіргі уақытта аталған сауалнамаларын аналитикалық есебі әзірленуде. Соның нәтижесінде аудан және облыстағы діни ахуалдың статистикасы шығарылатын болады.

***
Деструктивті дін мәселесінің алдын алу мақсатында Жуалы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік мемлекеттік жобосын KOMEK.DEMEU.KZ қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Осыған орай бөліммен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ауданға қарасты бірқатар мектептер мен колледжде кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Б.Майлин атындағы және М.Ломоносов атындағы орта мектептерде, Көктөбе орта мектебінде және С.Сейфуллин атындағы орта мектепте, сонымен қатар №16 Жуалы колледжінде кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерге Тараз қаласындағы «Абдықадір» мешітінің имамы, дінтанушы Дәурен Құттыбаев шақырылып, ол қатысушыларға жат діни ағымдар жайлы мағлұматтар берді.

«KOMEK.DEMEU.KZ»
қоғамдық қоры

Таңдаулы материалдар

Close