Basty bet

Балаларды оттан қорғайық!

Балалардың отпен ойнауы және салдарынан өрт оқиғасының туындауы– өкінішке орай сирек оқиға емес. Шамамен барлық балалар отпен ойнауға деген әуестігін және одан келер қауіпті барлығымыз білеміз. Біле тұра, балаларды үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырамыз. Олардың жалғыз қалғанда шақпақ қорабымен ойнамайды, қағазды жақпайды немесе тұрмыстық техникалардың жұмысына қызықпайды десек, қатты қателесеміз.
Күнделікті өмірде, әртүрлі жағдайларға байланысты кейде балаларды белгілі бір уақытқа дейін жалғыз қалдыруға тура келеді. Бұл өте қауіпті. Әсіресе пәтердің есігін жауып кетер болсақ. Өрт болған жағдайда олар қауіпті жерден сыртқа шыға алмайды. Сондықтан, үйден кетер алдында балаларды үйдің үлкеніне немесе ересек адамның қарауына қалдырған дұрыс. Баланың назарын қандай да бір қызық тапсырмаларға аударған жөн. Оларды отпен абай болуды кішкене кезінен үйрету қажет. От – ойыншық емес екенін, одан келер қауіпті, адамдарға қасірет алып келерін түсінулері керек. Балалардың қалай уақыт өткізерін, олар қандай ойыншықтармен ойнайтыны, неге қызығушылық танытары деген сұрақтар әрқашан ата-аналардың назарында болу қажет.
Балалардың отпен ойнауынан шыққан өрттің алдын алу үшін не істеу қажет:
– үйден кетер алдында, үлкендердің қарауынсыз кішкене балаларды жалғыз қалдырмау керек;
– шақпақты балалардың қол жетімді жерлерге қоймау керек;
– пешті, газ плитаны, электр жабдықтарын қосуға жол бермеген жөн;
– балалардың от жақпауын жиі қадағалау керек;
– балаларға қызықты уақытты ұйымдастырған абзал;
– жиі-жиі оларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып жүру қажет;
– өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың барлық жағынан үлгі болғаныңыз дұрыс!
Құрметті ата – аналар!
Егер біз балаларды отпен абай болуға және құтқарудың дұрыс жолдарын үйретпесек, олардың алған жарақаттары мен өліміне кінәлі боламыз. Сіздің балаңыз оттан абай болмаса, одан келер қауіпті өзі ғана емес, өзгеге де зиянын тигізерін әрқашан біліп жүруі аса қажет!

Таңдаулы материалдар

Close